«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезекті он тоғызыншы сессиясы 2024 жылғы 19 маусым күні сағат 11:00 де қала әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін назарларыңызға саламын.
Мекен-жайы : Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі №28 ғимарат, қала әкімдігінің мәжіліс залы. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 19 маусым күні сағат 10:30 дан бастап жүргізіледі.
Сессияның қарауына мына мәселелер ұсынылады.
1. 2023 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы;
2.Түркістан қаласында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің халыққа медициналық қызмет көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы» және қаладағы денсаулық сақтау мекемелерінің халыққа медициналық қызмет көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарының барысы туралы;
3.Түркістан қаласы әкімдігінің «ішкі саясат бөліміне» жүктелген міндеттер мен функциялардың 2023 жылдың қорытындысы және 2024 жылдың есепті
кезеңінде атқарған жұмыстары жөніндегі есебі;
4.Түркістан қаласы әкімдігінің «мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт» бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың 2023 жылдың қорытындысы және 2024 жылдың есепті кезеңінде атқарған жұмыстары жөніндегі есебі туралы мәселелер қаралады.
Келіп түсуіне байланысты басқа мәселелер қаралуы мүмкін.