Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫН ҮЙРЕНДІ

ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫН ҮЙРЕНДІ

Түркістан облысында балық шаруашылығы жақсы дамып келеді. Мемлекет тарапынан да қолдау күшейтілген. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, облыста балық шаруашылығын дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие мен субсидиялар беру және осы салаға инвесторлар тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы орайда Сауран аудандық шаруалар балық шаруашылығын дамытуды қолға алмақ. Ауданның кәсіпкерлері арнайы Шардара ауданында орналасқан «Хамит» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне арнайы барды. Оқу орталығында 5 күн қатарынан балықты өсіру, қолдан ұрықтандыру әдістері үйретілмек. 2021 жылы ашылған өндіріс орны, бүгінгі таңда балық шаруашылығымен жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Оқу орталығына Сауран ауданынан арнайы делегацияны аудан әкімінің кеңесшісі Бекзат Абубакиров бастап, ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы мен 15 кәсіпкер қатысты. Онда нысанның директоры Рысмұрат Оразхан делегация құрамына оқу орталығын көрсетіп, оқу курсымен толық таныстырып өтті. Балық шаруашылығын дамыту саласы бойынша арнайы технологиялармен таныстырып, саланың барлық қажетті фунцияларын көрсетіп, тәжірибе алмасты.

Жалпы, Түркістан облысында жергілікті маңызы бар 104 су айданы тіркеліп, оның 84-і табиғат пайдаланушыларға берілген. Түркістан облысы жасанды көлдерде балық өсіру бойынша елімізде көш бастап тұр. Тауарлы балық өсірумен 156 кәсіпкерлік субъектісі айналысады. Солардың бірінде болған журналистер Сайрам ауданындағы балық өнімдерін өндіру шаруашылығының жұмысымен танысты. «Көмеш Балық» иелігіне үлкен 17 көл және кіші 14 көл кіреді. Әрқайсысынан күз айларында 50-60 тоннаға дейін балық өндіріледі. Балықтың сан алуан түрін өсірумен айналысатын мекеме былтыр 700 тонна тауырлы балық өндірген. Биылғы жоспар 1 мың тоннаға жеткізу.

Түркістан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиевтың айтуынша облыс аумағында балық шаруашылығын жүргізу мақсатында барлығы 112 су айдыны, оның ішінде республикалық маңызы бар 8, жергілікті маңызы бар 104 су айдыны заңдастырылып, 94 су айдыны табиғат пайдаланушыларға бекітілген. Жүргізілген тексеру және анықтау жұмыстарының нәтижесімен 4 көлдің ұлтаны мен айналасындағы жер жеке меншікте болуына байланысты, жер иеленушілерге бекітіп беру шаралары жүргізілуде, 14 көл табиғат пайдаланушылардан қайтарылып, резервке алынды. Алдағы уақытта заңға сәйкес конкурсқа қойылады. Аудан, қала әкімдіктері мен балық шаруашылығы инспекциясының статистикалық мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күнге облыс бойынша 10400 тонна тауарлы балық өндіріліп, тапсырма орындалған. Сонымен қатар облыстағы балық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар 4900 тонна балық өңдеді («Хамит» Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша 2023 жылға бекітілген «Балық өнімін өндіру» индикаторы толығымен орындалды.

Саланың дамуына мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетіліп, өткен жылы облыстық бюджеттен акваөсіру бойынша 31 кәсіпкерге 500 млн. теңге, республикалық бюджеттен 7 кәсіпкерге 123,8 млн. теңге инвестсубсидия берілді. Сонымен қатар «Түркістан ӘКК» АҚ-на 14 кәсіпкермен 5,4 млрд. теңге көлемінде несие алуға құжаттар ұсынылып, 5 кәсіпкерге 3,7 млрд. теңге несие беру мақұлданды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 35 кәсіпкер 249,5 млн. теңге жеңілдетілген несие алып, шаруашылықтарын дамытуда. Алдағы уақытта жоспарға сәйкес, Қазығұрт ауданында – 4, Бәйдібек, Мақтарал, Жетісай аудандары мен Арыс қаласында бір-бірден, Төлеби ауданында – 3 және Созақ ауданында – 7 шаруашылық ашылып, Сырдария өзенінің бойынан Шардара, Сарығаш аудандарындағы бұрынғы балық тұқымбақтары (466,7 га) іске қосылса, тауарлы балық өндірушілердің саны 250-ге жетіп, облыс тұрғындарын балық өнімдерімен қамтамасыз етуге қол жеткізіледі.

“Облыс әкімінің тапсырмасын іске асыру мақсатында аудан, қала әкімдіктері кесіндісінде 2023-2025 жылдары жаңадан балық шаруашылықтарын ашу, іске асыру жоспары бекітіліп, жолданған болатын. 2023 жылға бекітілген 6640 тонна тауарлы балық өндіру бойынша аудан, қала әкімдіктері кесіндісінде жоспар жасалып, орындау үшін жолданды. Бүгінде бұл бағытта нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Балық шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі. Сондай-ақ, саланы дамыту үшін инвесторлар тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев.

Қазақстан балық ресурстарына өте бай. Елдің экономикалық дамуында балық шаруашылығы ерекше рөл атқара алады. Соңғы уақытта бұл салада үлкен жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда Үкімет қабылдаған бастамалардың арқасында балық шаруашылығы айтарлықтай сәтті дамуда. Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың тамыз айында қолда бар мүмкіндіктерді дамыту қажеттігін атап өтіп, биылғы қараша айына дейін балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеп, бекітуді тапсырды. Балық саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ Президент тапсырмасының іске асырылуы туралы шолу материалынан оқыңыздар.

Қазақстан өзінің бай және бірегей табиғатының арқасында балық шаруашылығының айтарлықтай қуатты қорына ие. Бұл бағытта  экспорттық әлеуеті де жоғары.

Қазақстан мұхит балығы мен теңіз өнімдерін импорттайды. Олар — майшабақ, скумбрия, асшаян, мидия және басқалары. Бұл өнімдер Норвегия, Ресей, Исландия, Қытай және Балтық елдерінен импортталады

Өз кезегінде, Қазақстан жыл сайын шамамен $60 млн сомасына 36 жақын және алыс шет елдерге 30 мың тонна балық өнімдерін экспорттайды.

Негізінен балықтың жон еті, қақталған-ысталған өнімдер және мұздатылған балық еті экспортталады. Мысалы, көксерке еті Еуропалық Одақ елдерінде (Германия, Нидерланды) қазақстандық бренд болып табылады, қақталған-сүрленген өнім Ресейге, Украинаға, Литваға, Қытайға және басқа елдерге экспортталады. Бұл ретте біздің жанымызда экспорт үшін маңызды әлеуетті нарықтар бар.

Қазақстанда жан басына шаққанда балықты аз тұтынады. Айталық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам басына шаққанда жылына 16 келіден кем емес балық тұтынуды ұсынса, Қазақстанда бұл көрсеткіш бір адамға 4 келіден келеді. Өз кезегінде, көршілес Ресейде адам басына 23 келі, Қытайда 45 келі балық тұтынылады. Осылайша, шекара маңындағы аудандарды ескергенде, балық өнімдерінің экспорттық потенциалы 3 млн тоннадан асып түсуі мүмкін. Бүгінгі таңда Қазақстанда мыңнан астам балық шаруашылығы субъектілері жұмыс істейді. Оларға 1646 балық шаруашылығы су айдыны мен олардың учаскелері бекітілген. Салада 11 мыңнан астам адам жұмыс жасайды.

Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға, балық өсіру, тұтыну және экспорт көлемін жоспарға сай арттыру мақсатында, жыл басында ҚР Үкіметінің Қаулысымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті ал, ақпан айында Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы құрылды.

«ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитеті құзыреті шегінде Шымкент қаласы, Қызылорда және Түркістан облыстары әкімшілік шекарасы шегіндегі Арал-Сырдария бассейнінің аумағында және су айдындарында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы іске асыру, реттеушілік, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімше болып табылады.Сондай-ақ, Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасы қабылданды.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес,«Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік Бағдарламасы» әзірленіп, облыс әкімдігімен 2020 жылғы 30 қазанда №127 қаулысымен бекітілді. Бағдарламаға сәйкес 2030 жылға дейін 16 шабақтық шаруашылық, 12 тоған шаруашылық, 3 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары іске қосылуы және көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарының саны 55-ке жеткізу жоспарланған. Бағдарламамен жалпы 49 су айдынына гидротехникалық құрылыс салу көзделген. 2021 жылы 19 су айдындарының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге облыстық бюджеттен 16232,7 мың теңге қаржы бөлінді. 2022 жылы мемлекеттік сараптаманың қорытыныдысын алу жұмыстарына 5,5 млн теңге қаржы сұратылып, облыстық экономика және қаржы басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Алайда, 2022 жылы облыстық бюджеттік комиссия отырысында аталған жоба қолдау таппады. 2023 жылға көрсетілген жұмыстарға облыстық бюджеттен 5456,8 мың теңге қаржы сұратылған.

2023 жылғы қаңтар–қарашада балық және аквашаруашылық саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 есе өсті. Осы аралықта бұл саланы дамытуға 20,2 млрд теңге инвестиция тартылса, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш әлдеқайда аз — 8,6 млрд теңге болатын. Ұзақ мерзімді динамика бұл салаға инвестициялық қызығушылықтың 2021 жылдан бастап байқалатынын дәлелдейді. Содан кейін толық жылдың қорытындысы бойынша күрделі салымдар көлемі бірден 6,8 есе, ал 2022 жылы тағы 1,6 есе өсті.

Салаға қолма-қол ақшаның айтарлықтай салынуы өндіріс көлемі мен қаржылық көрсеткіштерге бірден әсер етті. Егер 2021 жылға дейін балық шаруашылығын дамыту түрлі табыстармен жалғасатын болса, мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан кейін өсірілетін балық көлемі физикалық көрсеткіште және тиісінше жалпы құны өсті. 2021 жылы балық шаруашылығының барлық өнімінің жалпы көлемі 5,7 млрд теңгеге бағаланса, 2022 жылы қазірдің өзінде 11,1 млрд теңгеге бағаланды.

Соңғы жылдары акваөсіру қорларының өсуі айтарлықтай болды. 2018–2022 жылдар аралығында бұл көрсеткіш үш еседен астам: 5,7 мыңнан 19,2 мың тоннаға дейін көбейді. Кәсіпкерлер бұл салаға қызығушылық танытып отыр, өйткені бұл салаға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіле бастады. Мысалы, балық өсіретін шаруашылықтар үшін салықтар 70% төмендеді, кәсіпкерлер инвестицияның 25%-ын өтеуге, сондай-ақ жемшөп құнының 30%-ы және шабақ, дәрі немесе бағалы балық түрлерінің аналығы құнының 50%-ы мөлшерінде субсидия алуға арқа сүйей алады. Бұл ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі (ЭТРМ) Балық шаруашылығы комитетінің мәліметі.

Балық шаруашылығымен айналысушыларға мемлекет тарапынан тиісті жеңілдіктер, субсидиялар беріліп отыр. Осындай шарапатты сезінгендердің бірі – «Көшім» шаруа қожалығы. Келес ауданындағы қожалық балық өсіру және етін өндірумен айналысады. Түркістан облысында «Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы» бекітілген болатын. Жоспарға сай, биыл өңірде I тоқсанның қорытындысы бойынша 2559 тонна өндірілді. Мұнда «Көшім» шаруақожалығының да үлесі басым. Қазір мұнда 6 адам жұмыс істейді. Кәсіпкер қожалықтың ауқымы кеңейсе 20 азаматты жұмысқа қабылдамақ. Бұл қожалық балық шаруашылығымен жеті жылдан бері шұғылданады. Инвест жоба аясында балықты қайта өңдеу, кептіру жұмыстарын қолға алған. Бүгінде 19 гектар жерде 13 тоғанды көлі бар. Мұнда балықтың сазан, ақ амур және тағы да басқа түрлері өсіріледі. Кәсікер бұл жетістікке мемлекеттік бағдарлама аясында қол жеткізіп отыр.Конкурстан тысқары мемлекеттік қолдау шарасы аясында қожалыққа 76,2 гектар жер учаскесі берілді.  Істің ебін тапқан азамат елімізде  тоғанды көлді қолға алып, дамытуға ұсыныс білдірді. Бүгінде жаңа кәсіпті игерген шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау бар.Балыққа берілетін жемнің 30 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады. Қазіргі таңда мұндай көмекті бір ғана Келес ауданында 4 ірі шаруашылық алып отыр. Түркістан облысында 28 тоғанды балық шаруашылығы бар. Оның 4-і үйіргелік аулада ашылған. Сондай-ақ, қуаттылығы жылына 15 мың тоннаға жететін 7 балық өңдеу зауыты бар. Қазір14 кәсіпкер «Түркістан ӘКК» акционерлік қоғамы арқылы 5,4 млрд. теңге көлеміндежеңілдетілген несие алуға өтініш білдірген. Оның ішінде 4 шаруашылыққа 1,6млрд. теңге несие беру қарастырылып жатыр.

Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) мәліметі бойынша, акваөсіру саласы ақуыз өнімдерін өндіруде әлемде ең қарқынды дамып келе жатқан бағыт болып табылады.Мәселен, өсірілетін балықтың әлемдік көлемі 60 жыл бұрын небары 1 млн тоннаны құраса, бүгінде бұл көрсеткіш 82 млн тоннадан асып түседі. Бұл ретте, соңғы 25 жылдың өзінде акваөсіру көлемі 67 млн тоннаға немесе 450%-ға өсті. Ал балық аулау көлемі, тұрақты деңгейде.Қазақстанда балық өсіру саласының потенциалы өте жоғары. Соңғы 7 жылда өсірілген балық көлемі 9 есе, яғни 800 тоннадан 7,4 тоннаға дейін өсті. Елімізде осы шаруашылықпен 180 балық өсіру шаруашылығы айналысады, онда мыңнан астам адам (1126) жұмыс істейді.Жасанды балық өсіру шаруашылықтары бұдан да көп болуы керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған жан басына шаққанда 16 келі балық тұтыну нормасына қол жеткізу үшін шамамен 300 мың тонна балық өсіру қажет.Балықты жасанды өсіру бойынша Түркістан облысы көшбасшы болып табылады, оның көлемі 5 мың тонна (68,7%).