Home Әлеумет САЙЛАУ-АШЫҚТЫҚҚА ЖОЛ АШАДЫ

САЙЛАУ-АШЫҚТЫҚҚА ЖОЛ АШАДЫ

Төрткүл ауыл округі әкіміне үміткер Арслан Нуритдинов осылай дейді. Ол Мемлекет басшысының жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту жөніндегі саясатын қолдайтынын және алда өтетін тікелей сайлауға қатысуға бел байлап отыр.
Үміткер өз сөзінде:
«Құрметті ағайындар!
Қазіргі таңда мен ауыл әкімі лауазымына өзімді ұсыну арқылы сайлауға түсуге мүмкіндік алдым. Бұл норманың өзі сайлау процесін демократиялығының және бәсеклестікті қамтамасыз ететін өте маңызды шарттардың бірі деп айта аламын.
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының жергілікті өзін өзі басқаруды дамытудың саясатын қолдай отырып мен жанама сайлауға түсуден бас тартып, шілдеде өтетін тікелей сайлауға қатысамын»,-деп елге қызмет ету жолында мүмкіндіктерге жол ашылып жатқанын алға тартты.