Home Әлеумет ПРАЙМЕРИЗ ЖАҢА КӨШБАСШЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

ПРАЙМЕРИЗ ЖАҢА КӨШБАСШЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

Биыл «Nur Otan» партиясы праймериз өткізетіні белгілі. Бүгінде осы бастамаға қызығушылық танытып, саяси додаға қатысқысы келетіндер көп. Міне, осы азаматтардың сұрақтарына жауап беру мақсатында бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев әлеуметтік желіде тікелей эфир өткізді. Партия филиалының фейсбук және инстаграмм парақшаларындағы эфирді 2 мыңнан астам адам тамашалап, сұрақтарын қойды. Жалпы 100-ден астам сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Праймериз – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа, партияның, филиалдарының органдарына кандидаттарды ұсынуға, үздік резервті анықтауға арналған партияішілік іріктеу. Бұл саяси науқан биыл 17 тамыз бен 3 қазан аралығында өтеді. Осы саяси додаға дайындық барысына тоқталған Б.Дәулетұлы партияішілік іріктеуге қатысуға әрбір азаматтың мүмкіндігі бар екенін жеткізді.
«Праймериздің ережесі партия филиалының парақшаларында, әлеуметтік желілерде толық жарияланды. Бұрын да партияішілік іріктеулер өтіп тұрған. Бұл праймериздің ерекшелігі – үміткерлер жария пікірсайысқа түседі, сайлауалды тұғырнамаларын ұсынады. Ұсынып қана қоймай, оны елге түсіндіреді. Қазір халықпен тікелей диалог орнатып, түрлі мәселелерде өз ойын еркін жеткізе алатын көшбасшылар қажеттілігі туындап тұр Үміткерлерді тіркеу 17 тамызда басталады. Қатысам деуші азаматтар тұрғылықты мекен-жайы бойынша бастауыш партия ұйымдарына, партия филиалдарына барып құжаттарын өткізулері тиіс. Осы праймериз арқылы елді алға жетелей алатын жаңа тұлғалар шығады деп сенемін», – деген ол көрермендің сұрақтарына жауап берді.
Партия филиалы тарапынан праймеризді түсіндіру бағытындағы жұмыстар жалғасады.