Home Әлеумет ҚОҒАМ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ СЕЗІНЕТІН ШАҚ КЕЛДІ

ҚОҒАМ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ СЕЗІНЕТІН ШАҚ КЕЛДІ


Әлемде түрлі дерттен қайтыс болған адамдардан мына тажалдан көз жұмған жандардың саны аз, сондықтан қорқатын дәнеңе жоқ деп халықты бейқамдыққа үндеген түрлі ақпараттар тарады.
Иә, статистика шын айтады, бірақ туберкулез, онкология, диабет секілді аурулардан көз жұматын адамдар көп болғанымен олардың барлығы осылай кенеттен бас-аяғы бір айдың ішінде бақиға аттанып жатқан жоқ.
Созылмалы дертке шалдыққандардың ішінде уақтылы дәрі-дәрмегін алып ұзақ жылдар сапалы өмір сүретіндері де бар.
Пандемия жоқ, ол халықты қорқытып ұстау үшін қолдан жасалған саясат, деп есептейтін елдердің басында Босния мен Герцеговина тұрса, екінші орынды Қазақстан алады екен.
Біздің халқымыз әлі де бұл індеттің қауіптілігін толық мойындамайды.
Ал мына індеттің жөні бөлек, аз уақытта ажал тұзағына түсіріп, адамзат баласын үлкен қатерге тіреп қойды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияны бекер жарияламайды, мұндай жағдай өте сирек болады. Сол себепті халықтың амандығы үшін жасалған қадамды дұрыс бағалап, әр азамат қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінетін шақ келді.

Б.Букебаев, Түркістан қаласы әкімдігі,
«Ішкі саясат бөлімі» ММ-нің басшысы.