Түркістан облысы Түлкібас ауданында Қазқстан
Республикасының Тұңғыш Президенті, елбасы
Н.Ә.Назарбаев Ішкі істер органдарының жұмысын жандандыру, халықпен
қарым-қатынасын күшейтуге байланысты 9 бағытта жұмыс жасауға нақты тапсырма
берген болатын. Соның бір бағыты – халықтық кеңсе ашу еді.
Бүгін міне аталмыш тапсырмаға сай
облысымызда алғашқылардың бірі болып аудандық полиция бөлімінде халықтық кеңсе
ақпараттық орталығы ашылды. Бұл ғимарат халық пен тәртіп сақшылары арасын
жақындастыра түсетін көпір болмақ. Халық қажетті
ақпаратты алып, құқық қорғау органының қызметіне қатысты кез келген мәселе
бойынша кеңес сұрай алады. Осылайша азаматтарға қызмет көрсетуге арналған
халықтық кеңсе полиция қызметіне жүгінгісі келген кез келген тұлғамен тікелей
қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Салтанатты шарада алғы сөзге ие болған аудан
әкімінің орынбасары Е. Күзембаев ішкі істер органдарының қызметкерлерін жаңа
ғимараттарымен құттықтап жұмыстарына сәттілік тіледі