Home Әлеумет ЕКІ ҚЫЗ, БІР ҰЛ: САРЫАҒАШТА БИЫЛҒЫ АЛҒАШҚЫ ҮШЕМДЕР ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ЕКІ ҚЫЗ, БІР ҰЛ: САРЫАҒАШТА БИЫЛҒЫ АЛҒАШҚЫ ҮШЕМДЕР ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Ағымдағы жылдың қаңтар айының 16-шы жұлдызында Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі, Еңкес елді мекенінің жас тұрғыны, “Арыстанбаб” колледжінің студенті Анарбаева Жанар Сапарбекқызы облыс бойынша жыл басындағы алғашқы Адина, Медина, Үсен есімді үшемді дүниеге әкелді.
Бір күнде үш бірдей сәбиді бауырына басқан ата-ананы құттықтау үшін Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Амалбек Өміртай Дәркенұлы және Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандарындағы Жастар ресурстық орталықтарының басшылары Сүндет Кенжебаев, Мұхтар Бейсенбаев, Эрнар Бектаев арнайы Сарыағаш ауданына ат басын бұрып жас ана мен бүлдіршіндерге арналған ықылас гүлдер мен сый-сыяпаттар тарту етіп, жас отбасының қуанышымен құттықтап келдік.
Елдің ертеңгі тұтқасын ұстайтын кішкентай бөбектерге зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеп, болашақтарының жарқын болуына ағалық ниеттерімізді білдірдік.
Сонымен қоса, сексен жылдың сеңгіріне шыққан ауданымызға іс-сапармен келген Амалбек Дәркенұлы Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығында болып, атқарылып жатқан жұмыстар легімен таныс болды. Алдағы уақытта атқарылуы тиіс жоспарлармен бөлісіп, биылғы жылдың да жастар үшін сәтті болуын тіледі.