Қазақстан мемлекетінің көп ұлттан құралған, бір тудың астына бірнеше ұлт пен ұлысты құшағына сыйдырған ел екені баршамызға белгілі. Тату елде тұрып, бүлік шығаруға, оған себеп пен сылтау іздеуге деген құмарлықтан арылуымыз қажет. Қордайдағы келеңсіз оқиғаға сабырбен қарап, өзара ынтымақтастықпен шешуіміз қажет. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені өз қолына алып,қатаң бақылауда ұстап отыр. Сондықтан, дүрлігуге де, алаңдауға да еш негіз жоқ.
Шәмші Қалдаяқовтың “Дүнген қыз” әнінің өзі екі ұлт достығының тамыры тереңде екенін білдіреді.
Ұлт татулығы- мемлекет тұтастығы екенін естен шығармауымыз керек. Еліміз татулықтың тұғырынан түспесін.