Атаулы әлеуметтік көмектің игілігін көргендердің қатарында аудан орталығының
тұрғыны, көпбалалы отбасы 6 баланың анасы Жасұзақова Райхан Серікқызыда
бар.
-Мен Жанұзақова Райхан Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылының тұрғынымын.
Мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек беріледі дегенді
естіп қуана-қуана жұмыспен қамту орталығына құжаттарымды өткізіп, бүгінгі таңда
тағайындалған 621 мың теңгенің 380 мыңын қолға алдым. Алған қаржыға көптен бері армандап жүрген кәсібімді іске асырдым десем де
болады. Яғни, шаштараз ретінде аудан орталығында орналасқан әсемдік салонынан
бір орын жалға алдым. Қажетті құрал саймандарымды да толықтырдым. Қазіргі таңда
сол жерде сүйікті кәсібіммен шұғылданып, табыс табудамын.
«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші,
келешекте мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен қолдауды пайдалана отырып
жинақтаған тәжірибемнің арқасында өз сұлулық салонымды ашуды жоспарлап отырмын.