Home Әлем ТҮРКІСТАН: ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН: ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛУДЕ

Өткен жылда мемлекет тарапынан Түркістан облысы Шардара ауданынына бір дана “Диагностикалық медициналық кешені” берілген болатын.Автобус көлігіне орнатылған аталмыш кешенде медициналық құрал-жабдықтар түгелімен дерлік қамтылған. Бұл кешен аудан орталығынан шалғай жатқан ауылдарға барып, тұрғындарды медициналық тексерістен өткізіп, өз ауылдарында ем жүрзуге жағдай жасауға арналған өте тиімді құрал. Осы тұрғыда медициналық кешенмен аудандық орталық аурухана мамандары шалғай ауылдарды аралауды бастады. Бұл тұрғыда кардиолог, хирург, гинеколог, окулист, УЗИ, рентген, лаборатория, невролог мамандар тұрғындардың денсаулығын қарап, кеңес жүргізуде. Тарқатып айтқанда бір күнде жалпы 98 адам каралып, оның 37-нен әр түрлі патологиялар анықталып ем тағайындалып, қосымша тексерулерден өту ұсынылды. Жалпы “Жылжымалы медициналық кешен” шалғай жатқан елді мекен тұрғындарына медициналық қызметті қол жетімді ету мақсатында жұмыс атқарады. Жыл соңына дейін ауданымыздың барлық елді мекендерін аралап шығу жоспарлануда.