Home Басты жаңалықтар ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ҚОЙМАЛАРЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ҚОЙМАЛАРЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Арыстағы апаттан зардап шеккен арыстықтарға бүкіл қазақстандық қол ұшын созып, гуманитарлық көмек көрсетуде. Бүгінгі таңда қоймаға 510 тонна тұрмыстық заттар, азық-түлік, киім-кешек өзге де заттар жиналса, соның 400-ден астамы гуманитарлық көмек ретінде халыққа таратылды.

Бұдан бөлек «Түркістан» әлеуметтік даму корпоротивтік қорына Арыс халқына арнап 1 млрд. 200 мыңнан астам қаржы жиналды.

Сондай-ақ, Арыс қаласындағы гуманитарлық көмек қоймаларына онлайн веб-камералар орнатылды. Қоймадан тікелей көрсетілімді www.barlau.kz/company/tx/ сайтынан көре аласыздар.