Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА КӘСІПКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА КӘСІПКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында өз Үкіметтің басты міндеті экономикалық өсімді қалпына келтіру, инвестиция тарту және қазақстандықтардың табысын арттыру екенін атап өтті. Президент пандемия мен шектеу шараларынан, сондай-ақ, сауда байланыстарының үзілуінен айтарлықтай зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдаудың маңыздылығына назар аударды.Биыл шағын және орта бизнеске қолдау көрсету ең басты назарда болуға тиіс екенін атап айтқан болатын. Міне осы бағытта еліміздің әл ауқатын арттыру тұрғысында тек ер азаматтар ғана емес нәзік жандылар да елеулі үлес қосып үлкен дәрежелерге жетіп жүр. Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ауданымыздағы кәсіпкер әйелдер қауымын құттықтады.Нәзік жандыларға аудан басшысының “Құттықтау хаттары” мен гүл шоқтарын тапсырып, ыстық лебізін жеткізді.