Home Мәдениет ТҮРКІСТАН МҰРАЛАРЫ АТЫРАУДА

ТҮРКІСТАН МҰРАЛАРЫ АТЫРАУДА

11 сәуір күні ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысы мәдениет басқармасының қолдауымен Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Руханият-Әбу Нәсір әл – Фараби музейінің «Отырар тұлғалар мен мұралар ордасы» атты көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Отырар қалажұрты, Арыстанбаб және ондағы мұсылман кітапханасына қатысты жәдігерлер, екінші Аристотел атанған Әбу-Нәсір әл-Фараби мен Түркістан өңірінде өмір сүрген Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Сүгір Әліұлы, Өзбекәлі Жәнібеков, Шәмші Қалдаяқов секілді тұлғалардың түпнұсқа жәдігерлері және этнографиялық, нумизматикалық, археологиялық бұйымдар қойылды.
Көрме аясында 12 сәуір – Ғылым күні болып аталуына орай Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің «Қазақстан және дүниежүзі тарихы» кафедрасымен бірлескен «Түркі әлемі және Ұлы Жібек жолы» дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстелге Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің “Қазақстан және дүние жүзі тарихы” кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Л.Базарғалиұлы, педогогика ғылымдарының кандидаты Ш.Нағымұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор С.Жұмабайұлы, тарих ғылымдарының кандидаты К.Болатұлы, тарихшы-өлкетанушы А.Әміржанов, тарих ғылымдарының докторы А.Сарсенов,тарих ғылымдарының докторы Ж.Таңатарова және университеттің магистранттары қатынасты. Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Рашида Ерімқызы музей әкімшілігі атынан алғыс хат табыстады.