Home Әлеумет ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫ:АУДАН ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫ:АУДАН ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

Биыл Жетісай қаласының құрылғанына 50 жыл толғалы отыр. Осыған орай дайындық шараларын бүгіннен бастауымыз керек. Ең бірінші – қаланы абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалығын қалыпты жағдайға келтіру қажет. Аудан орталығының әсем де, таза, көрікті болуына әрбір тұрғын өз үлесін қосуға тиісті. Бүгін бұл туралы Жетісай қаласы тұрғындарының алдында есеп берге аудан басшысы Жамантай Бейсенбаев мәлім етті. Жалпы Жетісай қаласы жыл санап көркейіп келеді. Десек те, әлі күнге шешімін күтіп тұрған түйткілдер де аз емес. Аудан әкімі есепті баяндамасында биыл Жетісай қаласының 5 көшесін орта жөндеу мақсатында жергілікті бюджет есебінен 29 млн. 811 мың теңге бөлінгелі отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, биыл қалада жедел жәрдем көрсету станциясы мен ауысымына 500 адам қабылдайтын емхана құрылысы аяқталады деп күтілуде. Аталған нысан құрылысына 2017 жылы республикалық бюджет есебінен 1 млрд 785,3 млн. теңге бағытталған болатын. Бүгінде аудан орталығына кіретін 4 бағыттада «Жетісай ауданы» деген белгілер орнатылуда. Бұдан бөлек, қалаға кіреберіс жолдардың бойын абаттандыру, көгалдандыру шаралары басталып кетті. Есепті кездесуде аудан әкімі қала тұрғындарын Жетісай қаласын таза шаһарға айналдыруға атсалысуға шақырды. Жиын барысында жарыссөзге шыққандар аудан басшысының атқарған жұмысына оң бағасын беріп, өздерін толғандырып жүрген бірқатар мәселелерді тілге тиек етті. Олар: қаладағы мектеп маңындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық көлік қажеттілігі, санитарлық тазалық, жол жөндеу секілді түйткілдер. Есепті кездесуде аудан әкімі қойылған сауалдардың бірқатарына жауап берді. Бірнеше мәселені жеке қадағалауына алатындығын жеткізді. (с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі Суреттерді түсірген Қуаныш Әуелбеков