Бүгінгі таңда Түркістан облысының  Кентау қаласында “Фахри СтройБетон” ЖШС -гі іске қосылып жұмыс жасап келеді. Түрлі маркадағы дайын бетонды шығаратын зауыт м150-м450 дейінгі бетондарды жасайды. Жұмыспен 30 адам қамтылған. Зауыт 3м кубтан сағатына 120 бетон өңдеуге қауқарлы.

Қазіргі  таңда шығарылған бетондардың барлығы дерлік Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларға жіберіліп тапсырыстарын орындауда.  Жұмыспен 15 HOWО камазы, 1 жүк машинасы, 1 автобетон насос көліктері атқарады. Зауыттағы бетон жасап шығаратын құрылғылардың барлығы Түркия елінен әкелінген. Зауыт басшылығының айтуынша болашақта зауытты үлғайтып, көлемін көбейтуді мақсат етеді.