Арыс қаласындағы техногендік сипаттағы төтенше
жағдай салдарын жою бойынша құрылған облыстық штабтың тапсырмасы бойынша
Нұр-Сұлтан қаласы мен Түркістан қаласына 9-аумақ бекітіліп, тиісті іс-шараларды
жүргізу тапсырылған болатын.
Берілген тапсырмаларды орындау мақсатында Түркістан қаласы әкімдігінің тиісті
шешімі шығарылып жұмысшы топ құрылды. Жұмысшы топ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен
бірлесіп, 9-аумақтағы 596 жеке тұрғын үйлер, 51
көпқабатты тұрғын үйлер, 6 әлеуметтік және 22 кәсіпкерлік нысандар анықталды.
Сонымен қатар 9-аумақты 15 секторға бөліп, әр көшелерге 94 жауапты белсенділер
белгіленіп бекітілді. Осы бекітілген жауапты белсенділер арқылы жергілікті
халыққа жалпы күні бүгінге дейін 72 тн азық-түлік таратылды. Сонымен қатар,
Түркістан қаласынан келген арнайы техникалар арқылы 9-аумақтағы барлық көшелер
бойындағы зардап шеккен тұрғын үйлер, кәсіпкерлік нысандар, әлеуметтік
нысандардан шыққан 125 тн күл-қоқыс шығарылды. Бұл бағыттағы шаралар күнделікті
атқарылып жатыр.
Сонымен қатар Түркістан қаласы әкімдігі мен
белсенді кәсіпкерлер, жеке тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктер атынан күні
бүгінге дейін арыстықтарға арнайы көмек үшін азық-түлік, қаржылай қолдау
көрсету өз жалғасын тауып отыр.