Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен ҚР
Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»,
«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары аясында мән-мағынасы терең, өскелең
ұрпаққа рухани-тәрбиелік маңызы жоғары, қалың көпшілік сүйіп тыңдайтын дәстүрлі
музыка өнерін насихаттау, жаңа мейрам – Ұлттық домбыра күнін ұлықтау аясында
Тараз қаласында І Республикалық «Көне Тараз күмбірі» этно-фольклорлық ансамбльдер конкурсы өтті.
Байқаудың мақсаты – ұмыт болып бара жатқан бабалар
мұрасын қайта жаңғырту, Жамбыл облысынан шыққан композиторлардың туындыларын
насихаттау, этно-фольклорлық ұжымдардың шығармашылық қарым-қатынасын
қалыптастырып тәжірбие алмасу, «Көне Таразды» айшықтайтын күйлер жинағын
топтастыру, Жетісу әндерін жаңғырту, облыс деңгейіндегі этно-фольклорлық
ансамбльдерін және олардың әнші-термешілерін таныту, шеберліктерін шыңдау,
дамыту, ұлттық домбыра күнін ұлықтау болып табылады.
Аталған байқауда Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық
филармониясының “Тұмар” фольклорлық ансамблі жүлделі екінші орынды
иеленді.