Түркістан облысы «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің 2024-2025 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес, Түркістан қаласындағы М. Шоқай атындағы №24 жалпы білім беретін мектеп базасында эстетикалық пән мұғалімдеріне арналған Мақтаарал аудандық білім бөлімі эстетикалық пән әдіскерлерінің ұйымдастыруымен «Әдістемеден – әсемдікке» атты іс-шара өткізілді.
Мақсат – аудандағы эстетикалық пән мұғалімдерінің шығармашылық-теориялық деңгейін анықтау, ең үздік шығармашылықпен жұмыс жасайтын көркем еңбек және музыка пәні мұғалімдерінің жұмыстарын көрсете отырып ұлттық төл өнерімізді сақтап, дамыту жолында еңбек етіп жүрген ұстаздардың жұмыстарын өскелең ұрпаққа таныту.
Өңіріміздің аудан, қалаларынан келген пән әдіскерлері мен мұғалімдер қауымының басын қосқан жиын – пән күндерінің салтанатты ашылуымен бастау алды.
Іс-шараны ББДО «Орта білім беру» кафедрасының жетекшісі Өтеген Бекет Үсенбекұлы ашып берді. Облыстық қосымша білімді дамыту орталығының директоры Ешенқұлов Бақытжан Қабайұлы, ББДО әдіскері Нұғман Архабаев қатысып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аталған бағдарлама шеңберінде Мақтаарал ауданы, көркем еңбек пәні мұғалімдерінің қолөнер және көркемөнер туындыларының көрме жұмыстары таныстырылды. Сонымен қатар, «Педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзіреттілігін нейрожелі арқылы арттыру», «Музыка сабағында жасанды интеллектіні қолдану саласы», «Музыка сабағында жаңа технологияларды пайдалану» тақырыптарында шебер сыныптар ұйымдастырылды. Содан соң Мақтаарал аудандық музыка пәні мұғалімдерінің «Қазақстан – тәуелсіз Отаным менің!» атты іс-шарасына ұласты. Осылайша «Әдістемеден – әсемдікке!» шарасы өз жұмысын жоғары деңгейде қорытындылады.