Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне «Жетісай су» МКК суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тариф және тарифтік сметаны бекітуге арналған өтінімі келіп түсті, мәлімделген тариф жобасы – 175,30 тенге/м3 (КҚС-сыз).
Сонымен қатар, жобаны қарау кезінде Департамент «Жетісай су» МКК 2023 жылға бекітілген тарифтік сметасын орындау бойынша суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне талдау жүргізді.
Талдау қорытындысы негізінде «Жетісай су» МКК жоғарыда көрсетілген қызметі бойынша 2023 жылға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз алынған табыс сомасы 62 626 006 теңгені құрады.
Осыған байланысты, Департаменттің бұйрығымен «Жетісай су» МКК суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне, 2024 жылғы 1 қазаннан бастап 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін орташа босату тарифі – 72,72 теңге/м3 мөлшерінде (ҚҚС-сыз), (жобадан 58,52% – ға төмендеді) бекітілді.