Home Мәдениет ТҮРКІСТАН: САУРАНДА МӘДЕНИЕТ ПЕН ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУҒА КҮШ САЛЫНУДА

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА МӘДЕНИЕТ ПЕН ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУҒА КҮШ САЛЫНУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда: «Аға буын жас ұрпаққа жол нұсқап, бағыт-бағдар беруі керек. Елімізде көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр, білімді жастар көп. Біз олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіруіміз қажет. Ұлы Абайдың «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі – бос» деген сөзі әлі де өзекті болып тұр. Мен зиялы қауым өкілдерінің бір-біріне әрдайым тілектес болғанын қалаймын. Өзара жанашыр болу, түптеп келгенде, елге жанашыр болу деген сөз», – деген болатын.

Міне осыған орай айналасы үш жыл ішінде ғана Сауран ауданы тұрғындары серпінді стратегиялық жобалардың жүзеге асырылып, құрылыс қарқынының дамып, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының көтеріліп келе жатқанын көріп отыр. Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің міндеті өзі айтып тұрғандай бір-бірімен тығыз қатысты үш саланың басын қосып отыр. Осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала кетейін.

АУЫЛДАРДА ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛЬДЕР ҚАЙТА ТҮЛЕУДЕ

Ауылдық мәдениет ошақтарында 2024 жылдыңі І тоқсаны бойынша 309 мәдени іс-шара өткізіліп, 16 113 халық санымен қамтылды. І тоқсанның қорытындысы бойынша аудандық деңгейден бөлек 1 Облыстық, 1 Республикалық шара өткізілді. Сауран аудандық мәдениет үйі 2024 жылдың І тоқсаны бойынша 22 мәдени іс- шара өткізіліп 3290 халық санымен қамтылды. Атап айтсақ: – облыстық деңгейде 9 ақпан күні Түркістан облысының 5 жыл толуына орай, Сауран ауданына 3 жыл толуына орай, «Оңтүстік Қазақстан» саяси-қоғамдық газетінің 100 жыл толуына орай «Бақытым сенсің Түркістан» атты жазба ақындар мүшәйрасы өткізілді. Сауран ауданы,Жібек Жолы ауылдық округі, Сауран елді мекенінен шыққан жазба ақын Бұхарбаев Ердәулет Айнабекұлы Бас жүлдені иеленді. 1 наурыз күні Республикалық деңгейде Ұлт, қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың 120 жыл толуына орай, Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай, Сауран ауданының құрылғанына 3 жыл толуына орай «Жібек жолының жауһары» атты республикалық ақындар айтысы өткізілді. Бас жүлдені Сауран ауданы, Теке ауылының тумасы Еркебұлан Қайназаров жеңіп алды. 6 ақпан күні Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығына орай «Дара дауыс» патриоттық ән байқауы өткізілді. Аудандық деңгейде өткізілген патриоттық ән байқауында І орынды Жаңа Иқанның жасөнерпазы Қалыбек Ақтолқын Ғалымжанқызы иеленді. 15 ақпан күні Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауған ақиқаты» атты салтанатты шарасы Ардагерлер саябағына ықылас гүлін қоюмен бастау алып, А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беру мектебінің көрермендер залында жалғасын тапты.

1 наурыз күні Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту-парызым» атты мерекелік шарасы Ескі Иқан ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған «Достық» этно фольклорлық ансамбілінің концерттік бағдарламасымен өткізілді. 7 наурыз күні 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты мерекелік шарасы «Шахсарай» мейрамханасында жоғары деңгейде өткізілді. 14 наурыз күні «Көрісу күні – амал күні» мерекелік шарасы Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауданымыздың көрікті жерлерінде бейнероликтер түсіріліп, Түркістан қаласының челенджін қабылдап алып, Отырар ауданына жолдады, Сонымен қатар көрісу күні амал күні деп «Қамқорлық» орталығына арнайы барып, салт-дәстүрімізді дәріптеп көрісу күнін тойлап өтті.

2 сәуір күні Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз мерекесіне орай «Береке басы- Наурыз» атты мәдени театрландырылған іс-шарасы жоғары деңгейде өткізілді. Сауран аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған ұжымдар – Сауран аудандық мәдениет үйіне қарасты «Сауран сазы» фольклорлық ансамблі, халықтық атағы бар «Дилшод» өзбек халықтық – фольклорлық ән-би ансамблі, Ескі Иқан ауылдық мәдениет үйі жанынан жаңадан құрылған «Достық» этно фольклорлық ансамблі, халықтық атағы бар «Өзбек» халық театры халыққа мәдени танымдық жұмыстар атқарып, қызмет етіп келеді. «Сауран сазы» фольклорлық ансамбліне жеке тоқталып өтетін болсақ: «Сауран сазы» фольклорлық ансамблі 2023 жылдың қаңтар айынан бастап халыққа мәдени қызмет көрсетіп келеді. Сауран ауданының құрылғанына 3 жыл толуына орай «Сауран сазы» фольклорлы ансамблі 27 қаңтардан бастап 23 ақпан аралығында 12 ауылдық округі бойынша елді -мекендерде концерттік бағдарламасын беріп, халықтың ыстық ықыласына бөленуде. «Сауран сазы» фольклорлы ансамблі құрамындағы өнерпаздарға аудандық бюджеттен қаржы көздері қаралып,арнайы киімдер тігілу үстінде. Өзекті мәселесі: штат бірліктері жоқтығы, қобыз бен домбыра ұлттық аспабының жоқтығы. «Дилшод» өзбек халықтық-фольклорлық ән-би ансамблі 1 ақпан күні Сауран ауданы құрылғанына 3 жыл толуына орай, халықтық атағы бар «Дилшод» өзбек халықтық-фольклорлық ән-би ансамблінің «Тарихы терең сырлы Сауран» атты кеші Сауран аудандық мәдениет үйінде өткізілді. Халықтық атағы бар «Дилшод» өзбек халықтық-фольклорлы ән-би ансамблі 1972 жылы құрылып, қазіргі таңға дейін халықтық атағын қорғап келеді. 12 ауылдық округі бойынша елді мекендерге гастрольдік сапармен шығу жоспарланған. Алайда төтенше жағдайға байланысты гастрольдік сапар уақытша тоқтатылды.

Өзекті мәселесі: штат бірліктері және сахна реквизиттерінің жетіспеушілігі. Ескі Иқан ауылдық мәдениет үйі жанынан жаңадан құрылған «Достық» этно фольклорлық ансамблі 1976 жылдан бастап құралып 1996 жылы өз жұмысын тоқтатқан. Қазіргі таңда Сауран аудандық «Достық» этно фольклорлық ансамблі қайта жаңарып 6 ақпан күні өзінің алғашқы жұмысын «Жаңарған Сауран» атты концерттік бағдарламамен бастады.«Достық» этно фольклорлық ансамблі «Жаңарған Сауран» атты концерттік бағдарламамен гастрольдік сапарын 1 наурыздан бастап 28 наурыз аралығында 12 ауылдық округі бойынша ауылдық мәдениет ошақтарында концерттік бағдарламаларын халық назарына ұсынды. «Достық» этно фольклорлық ансамбліне Ескі Иқан ауыл округі аппараты, жұмыспен қамту орталығынан 15.0 штат бірлігі қаралып, 15 өнерпаз жұмыспен қамтылды. Өзекті мәселесі: музыкалық аспаптардың жетіспеушілігіне байланысты, қазіргі таңда әр қызметкер өзінің музыкалық аспабымен өнер көрсетуде. «Өзбек» халық театры 28 ақпан күні «Өзбек» халық театры Елтай Бимаханбетовтің «Үжар келін» яғни «Қырсық келін» атты пьессасын өзбек тілінде А.Байтұрсынов атындағы білім ордасының көрермендер залында халық назарына ұсынды. 12 ауылдық округі бойынша елді мекендерге гастрольдік сапармен шығу жоспарланған.

АУЫЛ КЛУБТАРЫНА АУҚЫМДЫ ИНВЕСТИЦИЯ ҚАЖЕТ

Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мәдениет үйі» КММ жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес және жоспардан тыс жұмыстарды атқарып келеді. Жалпы мекеме 11 клуб, 4 мәдениет үйінде 64,0 штаттық бірлікте қызметкерлер жұмыс атқарады. Сауран аудандық мәдениет үйінде және оған қарасты ауылдық клубтарда өткен жылда жалпы өткізілген іс шаралар саны – 678, қамтылған адам саны – 61120. Оның ішіндегі ауқымдылары: «Ауғанстан ардагерлеріне тағзым» атты ауған соғысы ардагерлеріне арналған іс-шара, «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шара, «Көрісу күні ынтымақ пен береке бастауы» атты көрісу күніне арналған іс-шара, «Төрлет, әз Наурыз» атты 22 наурыз ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шара. «Ежелгі Саурандағы – әз Наурыз» атты мерекелік кеш«Жібек жолының жауhары» атты айтыскер ақындар облыстық байқауы, «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі өткізілді. Бұларға халық көп қатысты. Алайда ауыл клубтарының техникалық жағдайы, тарлығы көп мәселеге қолбайлау болып отыр.

Сауран аудандық мәдениет үйінің теңгеріміне 2024 жылдың қаңтар айынан бастап аудандық бюджеттен 16000,0 тг қаралып, «Газель» микроавтобусы қолданысқа беріліп, қазіргі таңда мәдени көпшілік шараларда тасымалдау қызметін атқаруда. І тоқсанда ауылдық мәдениет ошақтарының техникалық базаларын нығайту мақсатында 15 ауылдық мәдениет ошақтарына компьютер және принтер жабдықтары беріліп, қамтамасыз етілді. Бабайқорған ауыл округі, Бабайқорған елді мекенінде клуб салуға жобалық сметалық құжаттамасы әзірленді 397 млн қаржы қаралды. 2023 жылдың маусым айында Ескі Иқан ауыл округі, Ескі Иқан елді мекенінде мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарының 50% аяқталды. Оған 211млн теңге қаржы жұмсалды. 420 орындық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары басталып, 2024 жылы тамыз айында аяқталады деп күтілуде. 2022 жылы Шорнақ ауылдық клубы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек 12 ауылдық округтеріндегі ауылдық клубтарға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен қаржы қарау үшін сұраныс хат облыстық мәдениет басқармасына жолданды.

Ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарды, кітапхана ғимараттарды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Жылыту жүйесі бойынша ауылдық округтердегі мәдени оршақтарға тоқталатын болсақ: 8 ауылдық мәдениет ошақтары сұйық отынмен жылытылады. Бір ауылдық мәдени ошағы көгілдір отынмен жылытылады. Бір ауылдық мәдени ошағы электр қуат көзі қазандығымен жылытылады. Жүйнек ауылдық мәдениет үйі, Жүйнек ауылдық округі әкімі аппараты теңгерімінде болғандықтан, жылыту жүйесі әкімшілік тарапынан қарастырылған. Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылдық клубы, Шаға ауылдық округі әкімі аппараты теңгерімінде болғандықтан жылыту жүйесі әкімшілік тарапынан қарастырылып, жылытылуда. С.Қожанов ауылдық клубы, Үшқайық ауылдық округіндегі «С.Қожанов атындағы шағын жинақталған жалпы білім беретін мектеп» КММ теңгерімінде болғандықтан жылыту жүйесі мектеп тарапынан қарастырылған. Қарашық, Жаңа Иқан ауылдық мәдениет үйлері жылыту жүйесімен қамтылмаған.

Қазіргі таңда Ескі Иқан ауылдық округіндегі Ескі Иқан ауылдық мәдениет үйіне 2023 жылдың маусым айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жоспар бойынша 2024 жылдың шілде айында қолданысқа беру үйлестіріліп отыр. Күрделі жөндеу жұмыстары сметалық құжаттары бойынша өз деңгейінде атқарылып келеді. 2023 жылға 211903,0 тг, 2024 жылға 214861,0 тг қаралып игерілуде. Қарашық ауылдық округі, Қарашық ауылдық мәдениет үйінде жылу жүйесі орнатылмаған және күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы сметалық және т.б. құжаттары дайындалып, облыстық бюджетке ұсынылды. Жауап күтудеміз. Сметалық құны: 366318,643 теңгені құрайды.

Жүйнек ауылдық мәдениет үйі, Жүйнек ауылдық округі әкімі аппараты теңгерімінде болғандықтан, Жүйнек ауыл округі аппараты ағымдағы жөндеу жұмыстарының сметалық құжаттарын дайындап, Жүйнек ауылдық округі әкімшілігі атынан облыстық бюджетке өтінім ұсынылды. Сметалық құны: 78 000,0 теңгені құрайды. Жаңа Иқан ауылдық округі, Жаңа Иқан ауылдық мәдениет үйінде жылу жүйесі орнатылмаған және ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы сметалық және т.б.құжаттары дайындалу үстінде.

Сметалық құны: 24878,07 тг құрайды. Сонымен қатар Абай, Нұртас, Оранғай, Ескі Сауран, Сауран, ауылдық мәдени ошақтарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттік өтінімге ұсыну жоспарлануда. Абай ауылдық клубына ағымдағы жөндеу жұмысының сметалық құны: 16657,37 теңгені құрайды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жағдай жасау пандус орнату бойынша 7253,42 тг құрайды. Нұртас ауылдық клубына ағымдағы жөндеу жұмысының сметалық құны: 13831,23 тг құрайды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жағдай жасау (пандус) бойынша 7391,63 тг құрайды. Оранғай ауылдық клубына ағымдағы жөндеу жұмысының сметалық құны: 20704,0 теңгені құрайды.

4. Ескі Сауран ауылдық клубына ағымдағы жөндеу жұмысының сметалық құны: 12542,0 тг құрайды. Сауран ауылдық клубына ағымдағы жөндеу жұмысының сметалық құны: 18629,31 тг құрайды.

ІІ тоқсан бойынша өзекті мәселелер мен атқарылатын ауқымды шараларға тоқталар болсақ, Шаға ауылдық округі,Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылында 11281 халық саны бар елді мекенге 300 орындықты ауылдық мәдениет үйі ғимаратын қажет етеді. Сауран аудандық мәдениет үйі қазіргі таңда Шорнақ ауылдық клубы ғимаратында отыруына байланысты техникалық базасы, қажетті құрал жабдықтарды, киіз үй жабдықтарын т.б. заттарды қойып сақтайтын орынның жоқтығына байланысты, қойма (сарай) қажет етеді. Сауран аудандық мәдениет үйінің көрермендер залына мәжіліс, жиналыс өткізетін трибуна, президиум столы (мәжіліске арналған) ақ түсті қажет етеді. Әншілердің, әртістердің әндерін, көріністердің дыбыстарын, ән әрлеу (аранжировка), дыбыс студиясы қажет етеді.

Сауран ауданының құрылғанына 3 жыл толуына орай концерттік бағдарлама әзірлеп, Ұлт, қоғам қайраткері Н.Оңдасыновтың 120 жылдығына арналған республикалық конференция өткізуді жоспарлап отырмыз. Облыстық «Өнерлі өлке» байқауына қатысуға әзірлен жатырмыз.

«Ел іші –өнер кеніші» дейтін болсақ, алдағы уақыттарда да ұл-қыздарымыздың таланттары жарқырай көрінуі үшін ауыл клубтарына жағдай жасауымыз керек. Бұған жергілікті кәсіпкерлерді тартуға болатындығын  уақыт  көрсетіп отыр.