Home Білім ТҮРКІСТАН: СПУТНИКТІК РОБОТОТЕХНИКА ҮЙІРМЕСІ – «UNISAT» БІЛІМ БЕРУ ХАБЫНЫҢ РӨЛІ ЕРЕКШЕ

ТҮРКІСТАН: СПУТНИКТІК РОБОТОТЕХНИКА ҮЙІРМЕСІ – «UNISAT» БІЛІМ БЕРУ ХАБЫНЫҢ РӨЛІ ЕРЕКШЕ

Қазіргі уақытта Түркістандағы 1500-ге жуық бала мен жасөспірім «Оқушылар сарайы»-ЮНЕСКО клубындағы 6 білім беру бағыты бойынша жұмыс істеп тұрған 60-қа жуық үйірмеде қосымша білім алып жатыр. Соның ішінде ғарыштық технологияның қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік беретін еліміздегі жалғыз спутниктік робототехника үйірмесі – «UniSat» білім беру хабының орны айрықша. 2022 жылдың қыркүйек айында ашылған бұл хаб – БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Оқушылар сарайының» бірлесе атқарған жобасы. Жер және ғарыштағы радиохабар тарататын құрылғылардан аналогтық, цифрлық радиосигналдарды беруге және қабылдауға мүмкіндік жасаған хаб арқылы 30-ға жуық оқушы STEM курстарына қатысып, инженерлік дағдыларды игеріп келеді. Мекеме директоры Индира Икапованың сөзіне сүйенсек, бұл үйірмедегі хаб ашылғаннан кейін көп ұзамай-ақ, яғни қазан айында Түркістаннан 50 шақырым жерде атмосфераның жоғарғы қабатына ультразаманауи 2 наноспутник ұшырылған. Салмағы 1-10 келі аралығындағы шағын ғарыш аппараттары бірнеше камера және сенсорлармен жабдықталыпты. Осылайша, қазір ол наноспутниктердің көмегімен ауа температурасы, қысымы, ылғалдығы және ластануы туралы мәліметтер жинақталып жатыр. «Бұл үйірмеге 12 жастан асқан, ғылымға, технологияға, техника мен математикаға қызығатын кез келген оқушы қатыса алады. Бүгінде үйірмеде 30-ға жуық бала білім алатын болса, олардың көпшілігі қыз балалар. Ғарыштық технологияға ден қойған оқушылармыз осыған дейін ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге де қол жеткізіп үлгерді. Дәлірек айтсам, биыл сәуір айында Мәскеу қаласында халықаралық «ҒЫЛЫМДА БАСТАҢЫЗ» атты байқау өткен болатын. 600-ден астам жас ғалым қатысқан сайыста сарайымыздағы «Физика» үйірмесінің оқушысы Баянбек Камила да бақ сынап, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, оның жетекшісі, сарайымыздың білікті ұстазы Еркін Ақтаевқа «Халық ағарту ісінің үздігі» атты құрметті атақ берілді. Енді оқушыларымыз қазан айында жұлдызды аспанды зерттеуге көмектесетін тағы бір наноспутник құрастыруды жоспарлап отыр. Жалпы, біздің басты мақсатымыз – ғылыммен айналысуға қолайлы жағдай туғызу арқылы үдеріс барысында оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше білім алуға құштарлығын дамыту, сонымен қатар көмек көрсетіп, бағыт-бағдар беру», – дейді Индира Сарқытқызы.

Айта кетейік, облыс орталығына айналған Түркістанда оң қадамдар аз емес. Халықтың әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыруда, ата-аналар мен балалардың сұраныстарын өтейтін жаңа орталықтар жаңа облыс орталығында күн санап көбейіп келеді. Балалар шығармашылығын жетілдіру бағытында ашылған орталықтар, су спорткешендері, спорт мектептері, шахмат клубтары солардың барлыңын кешенді қамтитын орталықтың бірі де бірігейәәі – Түркістандағы оқушылар сарайы.

Жаңа облыс орталығына айналған тұмар қала – Түркістан күннен күнге көркейіп, қарыштап дамуда. Бой көтеріп жатқан құрылыстар, ашылып жатқан аллеялар, жаңа нысандар әсем қаламыздың көркіне жаңа рең беріп, абаттандыруда. Солардың бірі де бірегейі – заманауи нақышта салынған, көпшілік талғамынан шығатын Түркістан қаласы «Оқушылар сарайы» шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Оқушылар сарайының  рухани шаһардың оқушылары мен жасөспірімдері үшін  қосымша білім беруде, олардың жан-жақты дарын қабілеттерін ұштауда жасап жатқан қызметі ауқымды.

 Оқушылар сарайында жас жеткіншектеріміздің шығармашылық қабілетін дамытып, бос уақытын тиімді ұйымдастыруына барлық мүмкіндік жасалған. Мұнда «Технопарк және «Sana» IT» орталығы, Өнер орталығы (киім моделін жобалау, қолөнер, зергерлік өнер, мүсін және керамика, былғары жұмыстары, суретші), Тіл үйрету орталығы (5 шет тілі), Ғылым орталығы республикалық физика-математика мектебіне, Білім инновация лицейіне, Назарбаев зияткерлік мектебіне, Дарын мектептеріне түсу үшін оқушыларды дайындайтын үйірме, Шығармашылық орталығы (вокал, актерлік өнер, сатира өнері, би, дәстүрлі ән, аспаптарда орындау), шахмат, балалар тележурналистикасы, анимация, фото-бейне түсірілімдерді монтаждау, барлығы 6 Түркістан қаласындағы “Оқушылар сарайында” бүгінде 1500-ге жуық оқушы қосымша білім алады. Олар түрлі үйірмелер мен авторлық жобаларға қатысады.

Оқушылардың арасында 86 “Алтын алқа” иегерінің, 210 “Күміс алқа” иегерінің, 68 толық емес отбасы, 5 ерекше бала, 67 атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының балалары тегін білім алады.

Оның айтуынша, “Оқушылар сарайы” негізгі үйірмелерден бөлек, республикалық деңгейдегі бірнеше авторлық жобаларды қолға алған. Соның бірі — “Jas Talant” республикалық онлайн-конкурсы. Бірнеше турдан тұратын конкурс нәтижесінде, жеңімпаздар мемлекеттік университеттерде тегін оқу мүмкіндік алған. Барлық кабинеттер  заманауи үлгімен жабдықталған.

“Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен ІІІ – Республикалық “JAS TALANT” онлайн байқауы өтті. Конкурс Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-і, Халықаралық туризм және меймандостық университеті, М.Әуезов атындағы ОҚУ-мен меморандум аясында білім беру мекемелерінің бітіруші оқушылары мен бітіруші колледж студенттері арасында өтті. Осы орайда 80-ге жуық өтініш келіп, үздік деп танылған 20 қатысушыға оқу орындарының грантары мен түрлі жеңілдіктер берілді. Бұл байқау 2021-2022 жылдары да қолға алынды. Сонымен қатар, Түркістан облысындағы көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен, мамандығы жоқ әйелдер үшін “Ісмер ана” жобасы жұмыс істеп тұр. Жобаға қатысушылар “Оқушылар сарайының” тігін шеберханасында “Киім моделін жобалау” үйірмесінде тігін өнерін меңгере алады. Қазіргі таңға дейін 40-қа жуық ана білім алды. Бүгінде “Ісмер ана” жобасының жетінші тобы білім алуда. Жобаға қатысқан Ж.Жанболатова 1 млн. 200 мын, ал Г. Утепова мемлекеттен қолдау тауып, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 3 млн. теңге көлемінде “Атамекен” ҚР Ұлттык кәсіпкерлер палатасының грантын ұтып алып, өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр,-дейді Индира Сарқытқызы.

Сонымен қатар, Оқушылар сарайында “Unisat” – білім беру хабы, “Qumyra” – қыш өнері және “Kade” – жобасы қолға алынған. “Kade” – жобасы аясында өңірде жасалатын құмыра, қолөнерлер бұйымдарын, шапандар мен тақияларды және басқа да ұлттық нақыштағы заттарды сатылымға шығарып келеді. Одан бөлек, орталықта кішкентай балаларға арналған интеллектуалдық “Danyshpan Education” – дамыту ойындары бар.

Индира Икапова, Түркістан Оқушылар сарайының директоры:

­– Қазіргі уақытта Түркістандағы 1500-ге жуық бала мен жасөспірім «Оқушылар сарайы»-ЮНЕСКО клубындағы 6 білім беру бағыты бойынша жұмыс істеп тұрған 60-қа жуық үйірмеде қосымша білім алып жатыр. Соның ішінде ғарыштық технологияның қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік беретін еліміздегі жалғыз спутниктік робототехника үйірмесі – «UniSat» білім беру хабының орны айрықша. 2022 жылдың қыркүйек айында ашылған бұл хаб – БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Оқушылар сарайының» бірлесе атқарған жобасы. Жер және ғарыштағы радиохабар тарататын құрылғылардан аналогтық, цифрлық радиосигналдарды беруге және қабылдауға мүмкіндік жасаған хаб арқылы 30-ға жуық оқушы STEM курстарына қатысып, инженерлік дағдыларды игеріп келеді.

Бұл үйірмедегі хаб ашылғаннан кейін көп ұзамай-ақ, яғни қазан айында Түркістаннан 50 шақырым жерде атмосфераның жоғарғы қабатына ультразаманауи 2 наноспутник ұшырылды. Салмағы 1-10 келі аралығындағы шағын ғарыш аппараттары бірнеше камера және сенсорлармен жабдықталды. Осылайша, қазір ол наноспутниктердің көмегімен ауа температурасы, қысымы, ылғалдығы және ластануы туралы мәліметтер жинақталып жатыр.

«Бұл үйірмеге 12 жастан асқан, ғылымға, технологияға, техника мен математикаға қызығатын кез келген оқушы қатыса алады. Бүгінде үйірмеде 30-ға жуық бала білім алатын болса, олардың көпшілігі қыз балалар. Ғарыштық технологияға ден қойған оқушылармыз осыған дейін ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге де қол жеткізіп үлгерді. Дәлірек айтсам, биыл сәуір айында Мәскеу қаласында халықаралық «ҒЫЛЫМДА БАСТАҢЫЗ» атты байқау өткен болатын. 600-ден астам жас ғалым қатысқан сайыста сарайымыздағы «Физика» үйірмесінің оқушысы Баянбек Камила да бақ сынап, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, оның жетекшісі, сарайымыздың білікті ұстазы Еркін Ақтаевқа «Халық ағарту ісінің үздігі» атты құрметті атақ берілді. Енді оқушыларымыз қазан айында жұлдызды аспанды зерттеуге көмектесетін тағы бір наноспутник құрастыруды жоспарлап отыр. Жалпы, біздің басты мақсатымыз – ғылыммен айналысуға қолайлы жағдай туғызу арқылы үдеріс барысында оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше білім алуға құштарлығын дамыту, сонымен қатар көмек көрсетіп, бағыт-бағдар беру», дейді Индира Сарқытқызы бізбен әңгімесінде.