Қазақстан Полициясына 23 маусымда 27 жыл толады! Қазақстан Полициясы күні – бұл еліміз Тәуелсіздік алған жылдары халық арасында тыныштықты сақтап, аянбай еңбек еткен ардагерлер мен қазіргі таңда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктікті қамтамасыз етіп жұмыс жасап жатқан ІІО қызметкерлеріне құрмет көрсету күні. Күні-түні жұмыстан табылатын тәртіп сақшыларының еңбегі еленіп марапатталатын күн. Қызмет бабында бұл өмірмен қоштасқан батыр полицейлерді еске алып, гүл шоқтарын қоятын күн! Осы айтулы дата ТО ПД-де жылда үлкен дайындықпен, салтанатты шара ретінде аталып өтіледі.
Атаулы мерекелік күнге орай, киелі Түркістан қаласында «Нұр» спорттық кешенінде Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастырып, одан ары нығайту мақсатында «Қазақстан Полициясы күнінің» 27 жылдығын мерекесіне орай спорттық жарыс ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын ұстанып, жылдамдыққа, икемділікке бағыттайтын жарысқа Департаменті аппараты және қала, аудан Полиция басқарламаларынан 100 полицейден құралған 20 топ қатысты. Іс-шараның ашылу салтанатына, ТО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бағлан Халықов қатысып, жарысқа қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, сәттілік тіледі. Ал, жарысты өткізуде басы-қасында ұйымдастырып жүрген арнайы және жұмылдыру даярлығы Басқармасының бастығы полиция полковнигі Ермахан Аққозиев спорттық жарыстың тартысты да әділ өтуі үшін үшін бар жағдай жасалғанын жеткізді. Салтанатты шара ҚР Әнұранын орындаудан бастау алды. Жалпы ТО ПД-нің ұйымдастыруымен спартакиада 2 күн қатарынан яғни 18-19 маусым күндері өткізілді. Спорттық жарыста қатысушылар: шағын футбол, атыс даярлығы, арқан тарту, кір тасын көтеру секілді спорт түрлерінен бақ сынады.
Әрбір аудан өз командаларының абыройы үшін барын салып еңбектенді. Спортты серік еткен полицейлер зор құлшыныспен, құмарлықпен ойнады. Күнделікті қылмыспен күресіп, күдіктілерді ұстайтын тәртіп сақшылары спорттық күшпен, жігермен спорттың барлық түрінен керемет ойын түрін көрсетті. Алайда жарыста «мыңнан тұлпар, жүзден жүйріктер» ғана жеңіске жететіні белгілі. Сондықтан спорттық жарыстың нәтижесі бойынша:
Шағын футболдан; 1-ші орынды – Түркістан ҚПБ, 2-ші орынды – Созақ АПБ,
3-ші орынды – Сайрам АПБ-нің спортшы полицейлері иеленді. «Үздік
шабуылшы» -Жетісай АПБ-нің қызметкері Елшібаев Нұрсұлтан болса,
Ордабасылық Нұрсұлтан Әбдіров «Үздік қорғаушы» номинациясына ие болды.
«Үздік қақпашы» атауы- Қазығұрт АПБ-нің қызметкері Мұрат Оспанқұловқа
табысталды. Сондай-ақ, барлық командалардың капитандары белсене
атсалысқаны үшін марапатталды. Атыс даярлығы, оқ атудан: 1-ші орынды –
Төле би АПБ-нен Абдулла Әлішер, 2-ші орынды Шардара АПБ-нен Боранбаев
Мұхтар, 3-ші орынды –Түлкібас АПБ-нен Шыңғысбаев Нұрман қарсыластарынан
оза шауып, алғашқы үштікті өзара бөлісіп алды.
Қазақтың ұлттық ойыны-арқан тартудан Келес АПБ – 1-ші орын, Мақтарал – 2-ші орын, Қазығұрт – 3-ші орынды иеленді.
Кір тасын көтеру бойынша 24 келі тасты 76 рет көтерген ТО ПД атынан
шыққан команданың мүшесі Ануаров Салық 1-ші орынды иеленді. Оған қоса
ПД-нің 2-командасының мүшесі Евгений Курьков 2-ші орынды қанжығасына
байлады, ал 3-ші орынды Жетісай АПБ-нің қызметкері Ақжігіт Төрегелдиев
жеңіп алды. Жеңімпаздар арнайы «Алғыс хаттар», бағалы сыйлықтармен
марапатталды.
Спорттық бәсекеге түскен барлық қатысушылар, «Бүгін тек жарысқа қатысып күш сынасып қана қоймай, бірлігімізді арттырдық. Мұндай ынтымақтастық қиын да қауіпті жұмысымыз барысында өз септігін тигізетіні анық. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіре отырып, қарулас-қызметтес жолдастарымызды мерекелерімен құттықтаймыз»,- деп ыстық ықыластарын білдіріді.
Жарыс соңында, салтанатты марапаттау шарасында ТО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Бағлан Халықов қатысып, өз сөзінде «Спорт – өмір көркі! Дені саудың –тәні сау, шынықсаң шымыр боласың деген ұранды алға тартқан полицейлер жарыстың алғашқы күнінде-ақ бабында екендіктерін көрсетті. Спорттық жарысқа қатысушы полицейлерден құралған командалар бір-бірінен өз айла-тәсілдері, күш-жігерлері, шеберліктері арқылы асып-түсіп, жеңіске жетті. Марапаттарыңыз құтты болсын. Мерекелеріңізбен»,- деп спортшы полицейлерге ізгі тілегін арнады.
Ел мен жердің қауіпсіздігін күзетіп, қоғамдық тәртіпті бақылап отыратын, жалпы түрлі қылмыстарды болдырмауға, алдын алуға қызмет ететін полицейлерді мерекелерімен бізде шын жүректен құттықтаймыз. Спортты серік еткен тәртіп сақшыларына жарыста сәттілік тілейміз!
Айдана Қанатбекқызы