Home Әлеумет ӘДІЛ ӨТУІ ЖІТІ БАҚЫЛАНДЫ

ӘДІЛ ӨТУІ ЖІТІ БАҚЫЛАНДЫ

Ордабасы ауданы «Темірлан» жалпы орта мектебінде жалпы бі­лім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиа­да­ның екінші аудандық кезеңі өтті.

Онда оқушылар биология, информатика, физика, математика, химия, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, құқық негіздері, орыс сыныбындағы қазақ тілі, қазақ сыныбындағы орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, өзін-өзі тану пәндері бойынша бақ сынауда.

Білім бәсекесі сарапқа түскен шараға «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшесі А.Баймаханова, «Дарын» орталығының педагог-ұйымдастырушысы А.Балтабай, Сайрам ауданынан №52 М.Өзтүрік жалпы орта мектептің мұғалімі К.Малдыбекова, №64 Ш.Рашидов атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі Р.Турапбаева, №85 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі А.Қайранбекова қатысып, білім сайысының әділ өткізілу барысына бақылау жүргізді.

Мұндағы негізгі мақсат – пәндік олимпиада барысында бейресми жолдардың орын алуына жол бермеу және әділ өтуін толық қамтамасыз ету.

Айта кетсек, республикалық пәндік олимпиа­да­ның аудандық кезеңі әділ әрі ашық өтуі үшін мектепте бейнекамералар орнатылған.