ҚР БҒМ Ғылым қорының қолдауымен қазақстандық ғалымдар 40-тан астам экологиялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Мысалы, Д.В. Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия инстиутының ғалымдары газ тәрізді қалдықтарға арналған сүзгілерді жасады (газ шығарындыларындағы улы компоненттердің каталитикалық түрлендіргіштері). Мұнай өндіруші кәсіпорындар объектілерінде осындай сүзгілерді орнату Атырау, Ақтөбе, Қызылорда және Павлодар облыстарындағы ауаға улы газ шығарындыларын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ инновациялық зерттеулер мен технологиялар институтында тағам және ауылшаруашылық қалдықтарынан күрделі қоспадан тұратын құрама жем алу технологиясы жасалды. Бұл құрама жемдер ақуыздардың, амин қышқылдарының, дәрумендердің, микроэлементтердің және басқа да пайдалы компоненттердің толық жиынтығына ие. Зерттеушілердің экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару мәселелерін шешуге бағытталған басқару технологиялары бойынша әзірлемелері бар.