Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №1 Е.Молдабаев атындағы жалпы орта мектеп интернаты КММ-де 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған “Шуағын шашқан әжелер” тақырыбында марапаттау кеші болып өтті.
“Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектерін ескере отырып, мектебіміздің кіші қызметкері, әрі осы мектептен зейнеткерлікке шыққан Тюльпан Мамешова апайды, өрелі жұмыстар және мектебіміздің ң гүлденуі жолындағы жасаған абыройлы істеріне толымды табыс тіледі. Қазіргі таңда Тюльпан Мамешова мектеп жанынан құрылған Рәтай қажы атындағы әжелер тобының мүшесі. Көпбалалы ана. Осындай керемет кеште Тюльпан Мамешованы Арыс қалалық әкімдігінен келіп, марапаттады.
Оқушыларды әжесін сыйлауға, аналарды құрметтеуге тәрбиелеу мен оқушылардың бойына адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін сіңіруді көздеген шара жоғары деңгейде өтті.