Шымкент қаласындағы “Өтеп” өнер мектебінде ақпан айының 22-24 күндері онлайн форматта «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың республикалық пікірсайыс турнирі өткен болатын. Мұндағы турнир мақсаты өскелең ұрпақтың патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру, оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу, республикадағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау жолдары көзделген. Турнирге облысымыздың атынан қазақ лигасы бойынша екі команда қатысты. Олар Қазығұрт ауданы мен Жетісай ауданынан құралған «Түркістан» командасы Түлкібас ауданының «Заман біздікі» атты командалары бақ сынады. Сонымен қатар, орыс лигасы бойынша Кентау қаласының «Саналы ұрпақ» командалары қатысты. Жалпы турнир қорытындысы бойынша «Үздік Оратор» номинациясын «Түркістан» командасының спикері Олжабай Әділхан иеленді. Аталған дебаттық сайыста «Түркістан» командасы төртінші орынды місе тұтты.