Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: АРЫС ӘКІМІ «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

ТҮРКІСТАН: АРЫС ӘКІМІ «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

қала әкімі М.Қадырбек «El Umiti» бастамасымен «Елбасы медалі» бағдарламасы аясында жүлделі қола медаль иегері атанған оқушыларды қабылдады.Аталған жобаның мақсаты – әрбір қатысушы үшін оның жасына, тұрғылықты жеріне қарамастан білім беру, шығармашылық, мәдени және өзге де қабілеттері мен дарынын кеңейту үшін жағдай жасау.Қаламыздың білімпаз жастары тұңғыш рет өткен ауқымды жобада жоғары көрсеткіштер көрсетіп, нәтижесінде 7 оқушы жүлделі қола медаль иегері атанды.Салтанатты шарада қала басшысы қаламыздың даңқын асқақтатып жүрген оқушылар мен ұстаздарға алғысын білдіріп, ақ тілегін арнады. – Ауқымды жастар жобасына республикамыздың барлық өңірлерінен 14 пен 29 жас аралығындағы 11 мың жастар қатысты. Оның ішінде Түркістан облысынан қатысқан 80 үміткердің арасынан жетеуіңіз жүлделі орынға ие болдыңыздар. Республика көлемінде өткізілген ауқымды жобаға белсене атсалысып, қаламыздың даңқын шығарған Сіздерге, және қаламыздың бiлiм беру жүйесiн дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге өлшеусiз үлес қосқан ұстаздарға ерекше алғысымды бiлдiремін.- деді қала әкімі.Жиын соңында қала әкімі жүлделі орын иеленген оқушыларды арнайы медальмен марапаттап, оқушыларға сыйлықтар табыстап, естелік суретке түсті.