Домой Uncategorized ТҮРКІСТАН: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕНІҢ ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕНІҢ ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Президенттің 15-наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды негізу туралы» Жарлығына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1-бабының 1-тармағы, 13-тармақшасына және 150-бабына сәйкес, Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың тіркелуіне байланысты, қаламызда адамдар көп шоғырланатын орындардың қызметін шектеу бойынша, ағымдағы жылдың 1-сәуірінен бастап Түркістан қаласы әкімдігінің «Халықтық кеңсесінің» жұмысы толықтай онлайн жүйге өткізіліп, қағаз түрінде тікелей қабылданатын құжаттар мен өтініштерге шектеу қойылды.
Әлеуметтік-еңбек саласындағы қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша:

  • жұмыссыздыққа тіркеу (жеке куәлік, диплом, аттестат);
  • жолдама беру (жеке куәлік, диплом, егер болған жағдайда еңбек кітапшасы);
  • тұрғын үй кезегінің реттілігін білу (жеке куәлік) қызметтеріне тиісті құжаттарды сканерленген түрде диспетчерлік “whatsApp” 87020325732 нөміріне немесе halyktyk_kense@mail.ru поштасына жолдауға болады.
    Сондай-ақ, күнделікті әлеуметтік-тұрмыстық (жарық, су, газ және т.б.) мәселелерге қатысты сауалдарыңыз бойынша диспетчерлік “whatsApp” 87020325732 нөміріне хабарласуға болады.
    Ал, арыз-шағымдар тек электронды түрде «Электрондық үкімет порталы» арқылы қабылданады.
    Құрметті қала тұрғындары! Халықтық кеңсенің жұмыс жүйесінің төтенше жағдайға байланысты шектелуіне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
    Себебі, жабық кеңістікте халық көп шоғырланатын орындарда коронавирус инфекциясының таралу қаупі күшейетіндігін назарда ұстайық.
    Ең басты мақсат — Сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету.