Cайрам ауданында «Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» әдістемелік бірлестігіне кіріктірілген «Күтім бойынша кіші мейіргер» және «Гувернер» кәсіптерінің оқыту мақсаты — болашақта осы бағыттағы мамандықтарды таңдаған оқушыларға кәсіптік теориялық білім беру жағынан көмектеседі. Оқушылардың мамандыққа қызығушылығын ояту, алған мағлұматтарды дұрыс қабылдап қолдана білуге үйрету, өздерінің әрекетке деген икемділігі мен қабілетін анықтау, кәсіби дағдыны қалыптастыру, кәсіби этика және қарым-қатынас талаптарын меңгерту және бұл мамандардың атқаратын міндеттерімен таныстыру үшін сабақ өту барысында оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын ояту және сабақты қызықты әрі түсінікті етіп өту үшін слайдтық презентация, тақырыптық бейнематериал, нұсқаулық карталар, макеттер, технологиялық карталар, тест сұрақтары, сонымен қатар сөзжұмбақтар, логикалық тапсырмалар, психологиялық есеп-жатығулар беру арқылы оқушылардың алған білімдерін шыңдайды. Ал, практикалык сабак кезінде жұмыс құрал-жабдықтарымен таныстырып, әрбір жұмыс түрін оқушыларға орындатып үйретеді. Мұғалімдер оқушыларға оқытылатын пәндерден көмекші әдістемелік нұсқаулықтар құрастырған. Сабақ үстінде оқушылардың пайдалануына өте қолайлы екені байқалды.