Домой Uncategorized «Мен сені жақсы көремін өмір» тақырыбында психологиялық тренинг сабақтар өткізілді

«Мен сені жақсы көремін өмір» тақырыбында психологиялық тренинг сабақтар өткізілді

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің №37 жалпы орта мектебінде «Ұлыстың ұлы күні — Наурыз» мерекесіне орай 1 наурыз- 1сәуір күндері аралығында өткізілетін « Қош келдің Наурыз!» атты мерекелік іс-шаралар жоспарына сәйкес 14-наурыз «Көрісу күніне» орай 8-10 сыныптарда мектептің педагог-психологтары ұйымдастыруымен «Мен сені жақсы көремін өмір» тақырыбында психологиялық тренинг сабақтар өткізілді.Тренинг мақсаты: оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау. Оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жақсарту;оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету,оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу; оқушылардың ойын ашу, өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.