Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің №37 жалпы орта мектебінде мектепте құрылған «Адал ұрпақ » ерікті мектеп клубының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес мектептің қосымша білім беру педагогтары тарапынан оқушылар арасында «Мемлекеттік қызмет елдің көзбегі адал еңбегі» тақырыбында эссе жазу байқауы ұйымдастырылды.Оқушылар эссе жазу барысында өздерінің мемлекеттік қызмет туралы ой-пікірлерімен бөлісті.Іс-шараның мақсаты оқушыларға мемлекеттік қызметтің маңызы мен олардың мақсаттарын, қоғамдық негіздері туралы мәлімет беру.Өз елдерінің жалпы ережелері мен заңдарын ұғындыра отырып, отансүйгіштікке, елжандылыққа,шығармашылдыққа тәрбиелеу.Оқушыларды азаматтық-патриоттық рухында тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.