Домой Uncategorized ЕРТЕҢ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ДАБЫЛЫ ҚАҒЫЛАДЫ!

ЕРТЕҢ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ДАБЫЛЫ ҚАҒЫЛАДЫ!

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасына сәйкес, 2021 жылдың 29 маусымда сағат 10.00-де Түркістан облысында азаматтық қорғану мақсатында құлақтандыру жүйесі тексеріледі.
«Бүгінгі таңда Арыс қаласы аумағында 6 құлақтандыру жүйесі орнатылған. Осы жүйелердің қалыпты жұмыс жағдайын тексеру мақсатында ертең таңғы сағат 10.00-де халықты хабарландырудың барлық жүйелері іске қосылып, дабыл қағылады. Атап айтқанда: электросирена, сирено-сөйлеу құрылғылары, теле-радио хабарлар мен СМС тарату және Darmen мобильді қосымшасы арқылы халықты хабардар ету жүйелерінің қызмет көрсету сапасы тексеріледі», – делінген Арыс аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің хабарламасында.
Дыбыстық сигнал – бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезінде халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.
Дыбыстық сигналды естіген кезде азаматтар теледидар мен радиоқабылдағыштарды қосып, интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпараттарға назар аударып, тиісті нұсқаулар бойынша әрекет ету керек.
Осыған орай, Арыс қаласы мен қала аумағында тұратын тұрғындар және қала қонақтарын сабырлық сақтауға және үрейленбеуге шақырамыз.