2024 жылғы 17 желтоқсанда ZOOM алаңында «Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау: мүмкіндіктер, проблемалар мен шешімдер» атты жалпыреспубликалық конференция өткізілді.
Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қаржылық қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ 2023-2024 жылдарға арналған ҮЕҰ мемлекеттік гранттық қаржыландыру шеңберінде «Қорған-М» Қоғамдық Бірлестігі өткізді.
Жоба 2023-2024 жылдар кезеңінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және ҚР 17 облыста өз баласының құқықтарын, жеңілдіктері мен қызметтерін іске асыруға және қорғауға қатысты белсенді азаматтық ұстанымын көрсету, ынталандыру және өзара көмек көрсету үшін ерекше балалардың ата-аналарының қолдаушы ортасын және бірыңғай қоғамдастығын құруға бағытталған.
«Жобаның екі жылында 17 облыстың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының ерекше балаларының ата-аналары үшін оның өмір сүру сапасын арттыру жолында өз баласының құқықтарын, жеңілдіктері мен қызметтерін іске асыруға және қорғауға қатысты белсенді азаматтық ұстанымын көрсету және ынталандыру үшін қолдау ортасы мен бірыңғай ақпараттық кеңістік құрылды. Мүгедектігі бар балаларды жергілікті деңгейде тәрбиелеп отырған отбасылардың мүдделерін ілгерілету мәселелерінде мүгедектігі бар балалардың ата-аналарының құқықтық сауаттылығы мен сараптамасы артты»,-дейді «Қорған-М» ҚБ басшысы Диана Киргизбаева.
Жоба Орта мерзімді болып табылады, іске асыру мерзімі 2023 жылғы наурыздан 2024 жылғы қарашаға дейін құрады. Ағымдағы жылы жоба бойынша мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен мамандарға үйде оңалту процесін ұйымдастыру, психологиялық және құқықтық мәселелер бойынша ақпарат алу үшін https://mumkindikterkitaphanasy.kz ақпараттық ресурс әзірленді.
«Сайтта мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға үйде оңалту процесін ұйымдастыру, психологиялық, құқықтық және түзету қолдауы мәселелері бойынша қажетті ақпарат алуға көмектесетін ақпарат жинақталған. Сондай-ақ, сайт мамандарға мүгедектігі бар балалармен жұмыс істеу мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға және өзекті жаңалықтарды зерттеуге мүмкіндік береді», — дейді жоба үйлестірушісі Урюпина Анастасия.