Домой Спорт ЖАУЫРЫНЫ ЖЕРГЕ ТИМЕГЕН ҚАЗАҚ ПАЛУАНЫ

ЖАУЫРЫНЫ ЖЕРГЕ ТИМЕГЕН ҚАЗАҚ ПАЛУАНЫ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойларына арналған еркін күрестен 2006-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Бұқаралық спортты дамытуға, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған шарада Түркістан облысы Отырар ауданы әкімінің орынбасары Пердехан Жаппақұлов пен Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының орынбасары Айтмахаметәлі Бердашев құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы жас палуандарға сәттілік тіледі. Мұнан соң еркін күрестен аға жаттықтырушы Ержан Мұсабаев жарыстың өткізілу ережесін түсіндіріп, көрсетілген талаптарды сақтауға шақырды. Сайдың тасындай іріктілген жас палуандар бәсекесіне облысымыздың барлық аудандарынан бөлек Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласынан келген спортшылар қатысты.