Домой Спорт АЗИАДА: ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНДА ТАҒЫ БІР ҚОЛА

АЗИАДА: ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНДА ТАҒЫ БІР ҚОЛА

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында ел құрамасы қоржынына үшінші медаль түсті.Атап айтқанда, ел құрамасынан Никита Чирюкин оқ атудан қола жүлде алды. Ол тапаншадан 25 метрге жылдам көздеу сайысында үздік үштікті түйіндеді.Бұл бәсекеде бірінші орын қытайлық Юхон Лиге бұйырса, екінші орынға сол елдің тағы бір өкілі Янгпан Лю ие болды.Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан дзюдодан Абиба Әбужақынова (48 келі) күміс, Мағжан Шамшадин (60 келі) қола жүлдегер атанды.