Домой Мәдениет ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӨНЕР ДОДАСЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӨНЕР ДОДАСЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Арыстық өнер мектебінің шәкірттері «Атадан мұра» қорының ұйымдастыруымен өткен республикалық байқауда жеңіске жетті. Жарыс бүлдіршіндердің қазақ өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Одан бөлек, дәстүрлі ән мен күй және жыраулық өнердің мәртебесін көтеру көзделген.Аталған байқауда арыстық жас домбырашы Балабайсан Қонар мен қобызшы Жанерке Омарғали жүлделі І орынға ие болды. Қос жеңімпаздың жетекшілері Фарида Орақбаева мен Мөлдір Алмасбек.