Бүгін Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, сазгер, әнші Сәуле Жанпейісованың ұйымдастыруымен
«AMANAT music — 2019» ІІ Халықаралық конкурс-фестивалінің іріктеу
кезеңі өтті. Байқауға 5-21 жас аралығындағы өнерге ынталы, талантты жастар
қатысты. ⠀
6 номинация бойынша өткізілген байқауды қорытындылай келе қазылар алқасы:
— Ұлттық би өнері номинациясы бойынша Бас жүлдені
Сайрам ауданынан келген «Самғанұр» би тобына берсе, 1 орынды
Түркістан қаласы «Шолпан» балабақшасының бүлдіршіндерінен құралған
«Самға» би тобы еншіледі.
— Вокал номинациясы бойынша 16-21 жас аралығындағы
қатысушылардан Бас жүлдені — Түркістан қаласының «Угай» дуэті,1
орынды — Созақ ауданынан келген Қойшыбай Аяулым иеленді. Ал, 5-7 жас
аралығындағы қатысушылардан Бас жүлдені — «Амина» балабақшасынан
Асылхан Айбике, 1 орынды — «Балбөбек» балабақшасынан Сейділда Нұршат
қанжығаларына байлады.
Домой Мәдениет ТҮРКІСТАНДА «AMANAT MUSIC — 2019» ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРС-ФЕСТИВАЛІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ