Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: ТЕКТІ ӘУЛЕТТЕРДІҢ ТҰҒЫРЫ — «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ»

ТҮРКІСТАН: ТЕКТІ ӘУЛЕТТЕРДІҢ ТҰҒЫРЫ — «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ»

Ұлттық байқаулардың ішіндегі төресі саналатын республикалық «Мерейлі отбасы» байқауына өңірлерде іріктеу сындары жүріп жатқаны белгілі. Осы мақсаттағы шара кеше Түркістан облысында да қорытындыланды.
Тарқатып айтсақ, биылғы облыстық «мерейлі отбасы» байқауына 58 отбасы ұсынылып, оның 30-ы іріктеліп алынды. Солардың ішінен Шардара ауданынан келген Қарсыбаевтар және Бәйдібек ауданынан келген Еркебаевтар отбасы бас жүлдеге лайық деп танылып, 1 миллион теңгеге ие болды.

Үлгілі, көпбалалы отбасыларды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев марапаттады. Енді бұл екі отбасы қыркүйек айындағы республикалық байқауда облыс намысын қорғайды.
Кезінде қазақтың өжет ұлдарының бірі Сырым Датұлы «Әркімнің мінген аты өзіне тұлпар, Әркімнің сүйген жары өзіне сұңқар» деген екен. Адалдық пен сыйластыққа негізделген махабаттан бақытты отбасы құралады. Бала-шағаға жақсы тәрбие берілсе, мерейлі отбасыға айналады.
Міне, осындай отбасылардың ең үздіктері өңір жұршылығының көзайымына айналды.