Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: «ШАБЫТ» ШЕРУІ ЖАСТАРДЫ ШАБЫТТАНДЫРДЫ

ТҮРКІСТАН: «ШАБЫТ» ШЕРУІ ЖАСТАРДЫ ШАБЫТТАНДЫРДЫ

Бүгін Түркістан облысы Түркістан қаласының Есім хан алаңында 1 маусым — Халықаралық балаларды қоғау күніне арналған «Шабыт» шеруі өткізілді. Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері және ансамбльдерінің үшінші шеруіне саз, өнер мектептері, колледж студенттері мен қала мектептерінен 3000-ға жуық оқушы қатысты.


Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру бағытындағы шара мақсаты — рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие факторы ретінде балалар мен студенттердің көше-фестивальді шеруін қолдау және дамыту.


«Балаларымыздың мерейі үстем болса — мемлекетіміздің мәртебесі қашанда биік»,- деген облыс әкімінің орынбасары М.Отарбаев балаларға жетістік, жеңіс, бақыт тілейтіндігін жеткізді. Түркістан облысындағы барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін акцияның маңыздылығы орасан екендігін де назардан тыс қалдырмады.


Шеру жалғасы концерттік бағдарламаға ұласты. Балалық шақ мейрамына есте қаларлықтай көрініс берген кешті ата-аналар, мәдениет пен спорт өкілдері ерекше ықыласпен тамашалады.