Домой Басты жаңалықтар САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Өткен ғасыр қазақ халқы үшін ауыр нәубет пен қасіреттерді, «екінші ақтабан шұбырындыны» кешу ғасыры болды.  Тарих қатпарларында қаншама жазықсыз төгілген көз жас пен аққан қан қалды.  Кеңес өкіметінің қолдан күштеп ұжымдастыруымен Қазақ жерінде бір емес үш бірдей ашаршылық болды.  Халық қамын жеген саяси қайраткерлер, ұлт зиялылары, автономиялық республика құрушыларды бір сөзбен айтқанда ұлт қаймағынан сескенген Кеңес өкіметі И.В.Сталиннің «Троцкийшілдер және басқа да екіжүзділерді құрту бойынша партиялық жұмыстардың жетіспеушіліктері» атты баяндамасын талқылағаннан кейін жаппай қудалау басталды. Бұл тарихта «үлкен террор» деген атпен қалды.

 Осыған күнге орай, Түркістан жоғары медицина колледжіндегі Сұлтанбек Қожанов ескерткішінің жанында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шара құрбандарды еске алумен, ескерткішке гүл себеттерін қою рәсімімен басталды.  Облыс әкімінің орынбасары  М.Отарбаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары мен қоғам қайраткерлерінің есімін ұмытпай, ұлықтау қажеттігін және де тарихи деректерге тоқталып кетті.  Түркістан қаласының мұражайлары мен кітапханасының көрмелері қойылды. Кеш қазақтың «Бес арысының» құрметіне өлең оқылып, Р.Сейтметов атындағы сазды-драма театрында Д.Исабековтың «Өйтпесе Мағжан болама?» сахналық көрінісімен жалғасты.