Домой Басты жаңалықтар НӘЗІР ЖАНАШЫР БОЛҒАН ЖУРНАЛ

НӘЗІР ЖАНАШЫР БОЛҒАН ЖУРНАЛ

1923 жылы ақпан айында Мәскеу қаласында КСРО халықтарының кіндік баспасынан «Темірқазық» атты журнал жарыққа шықты. Оның ғұмыры ұзақ болған жоқ. Бар болғаны үш саны ғана жарық көрді. Бірақ қазақ руханиятының тарихынан өзінің орнын ойып алды. Елден жырақта болғанына қарамастан, «Темірқазықтың» редакциясына Ташкенттен, Омбыдан, сондай-ақ Қазақстанның түкпір­түкпірінен: Орынбордан, Қызылжардан, Көкшетаудан, Керекуден, Қарқаралыдан, Қостанайдан, Ордадан тілектестікке толы хаттар легі толассыз келіп жатқан. Әлихан Бөкейханның төңірегіне қазақтың нағыз қайраткер әрі қаламгер азаматтары топтасты. Олардың ішінде, әлбетте, қызмет бабына орай сол тұста КСРО Ұлт комиссариаты жанындағы Шығыс халықтары орталық баспа басқармасының төрағасы болған ­ Нәзір Төреқұлов алдымен көзге шалынады. Ол газеттің шығарушысы (бас редакторы) болды.

       Нәзір – тура пікірлі, қаламы өткір публицист. Қазақ тілін кеңсе тіліне айналдыру мәселесі оны қатты толғандырған. Осылайша «темірқазықтықтар» сол дәуірдің өзінде-ақ әлі күнге дейін бір ізге түспей келе жатқан мәселенің түйінін тарқатты. Әрі оны жай декларация күйінде қалдырмай, журнал бетіндегі мақалаларының астына аты­жөндерін «ов» емес, тек қана «ұлы» деген үлгімен жазып, өзгелерге өнеге көрсетті. «Темірқазық» халық әдебиетінің бай қазынасынан алынған жұмбақ, жоқтау, айтыс, т.б. фольклорлық мұра материалдарын ел ішінен жиыстырып, жариялап отырды.

     «Темірқазық» халық әдебиетінің бай қазынасынан алынған жұмбақ, жоқтау, айтыс, т.б. фольклорлық мұра материалдарын ел ішінен жиыстырып, жариялап отырды. Бұл – ел руханиятына журнал тарапынан шын жанашырлықтың бір белгісі. Сөйтіп, Мәскеудің төрінен елге тараған «Темірқазық» журналы қазақ баспасөзінің тарихында ғана емес, оның қоғамдық сана соқпағының дамуында да өзгеше із қалдырды.

     «Темірқазық» журналының бар жоғы үш саны шығып жабылғаны туралы отандық зерттеушілер айтты. «Темірқазық» журналының 2-3 сандары, бүгінде Алматы қаласында Құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы сирек кездесетін кітаптар мен материялдар қорында сақтаулы.

    Жалпы алғанда, Нәзір Төреқұлов қазақ баспа ісі тарихында өзіндік із қалдырған тұлға.

Айгүл Исабекова

Ұлы Дала Елі Орталығына қарасты

Нәзір Төреқұлов музейінің аға ғылыми қызметкері