Домой Қоғам «Жаңа Иқан » мектебінде АЭС –тің маңыздылығы жөнінде кездесу өтті

«Жаңа Иқан » мектебінде АЭС –тің маңыздылығы жөнінде кездесу өтті

Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округі, » Жаңа Иқан» мектебінде АЭС салу мәселесіне қатысты талқылау өтті.

Кездесуге қоғамдық пікір көшбасшылары Касимов Алым мектеп қызметкерлері қатысты.

А.Касимов:

«Қазақстанда атом электр станциясын салу қажеттілігі көптен бері туындаған. Президент таза атомды энергияның көзі мен оның қауіпсіздігі мәселесін геосаяси мүдде тұрғысынан емес, елдің нақты қажеттілігі тұрғысынан қарастырады. Рас, АЭС туралы халық арасында әртүрлі пікір айтылып та жүр, ел ішінде оның құрылысына күмән келтіріп жатқандар да жоқ емес. Осы мақсаттада бүгін АЭС салудың маңыздылығын халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз -деді.

Кездесуге қатысқан қоғамдық пікір көшбасшылары Референдумда өз таңдауын жасап, белсенді атсалысуға шақырды.

Жиын соңында қатысушылар АЭС салуға қатысты референдумда өз таңдауларын жасайтындықтарын жеткізді.