Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: ЖОЛАУШЫЛАР ҮШІН 24 БАҒЫТ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

ТҮРКІСТАН: ЖОЛАУШЫЛАР ҮШІН 24 БАҒЫТ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінің “Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі” басшысының міндетін уақытша атқарушы Арман Оспан бөлімде I тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Қала әкімінің төрағалығымен өткен жиында жол, тас төсеу, асфальт салу, жарықшамдар, аялдамалар орнату және қоғамдық көлік мәселесі кеңінен айтылды.
Шаhар басшысы өз сөзінде, бүкіл маршруттардың жүру кестесіне өзгеріс енгізу қажеттігін және ол үшін қала тұрғындарының ой-пікірін сұрай, шешім қабылдау қажеттігін тапсырды. Одан өзге, 109 – Бірыңғай байланыс орталығында келіп жатқан қоғамдық көлік жүргізушілері, автобустардың тазалығы және жүру уақыты жайлы шағымдарды “Жолаушы” ЖШС өкілі М. Жұмагелдіұлына тез арада назарға алуды тапсырды.
Жалпы, Түркістан қаласында 24 бағыт болса, соның 21-інде «Жолаушы» ЖШС 270 қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуде.Оның ішінде 40-қа жуық автобус «Жолаушы» ЖШС теңгеріміндегі автобустар болса, қалған 230-ға жуығы шағын автобустарды жалға алу келісім шарты арқылы қызмет көрсететін жеке азаматтардың автокөліктері. 24 бағыттың 3-інде (№14, 15, 16) 2021 жылдың ақпан-наурыз айларынан бастап тасымалдаушы «ТехПрофАвто» ЖШС жаңа ISUZU SAZ LE маркалы сыйымдылығы 53 орындық жаңа автобустармен қызмет көрсетуде. Қазіргі таңда жаңа 3 бағытқа «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» қағидасына сәйкес, қызмет көрсету құқығына арналған конкурстық жұмыстар жүргізілуде. Конкурстың аяқталу уақыты биыл мамыр айының соңына жоспарланған. Сондай-ақ, бұл бағыттарға «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында инвестор «АлемПэй» ЖШС-мен келісім шарт арқылы электронды билет жүйесі енгізілген.