Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚТАР «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚТАР «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА

«Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға республикада 100 млрд теңге қарастырылған. Түркістан облысында 19,8 млрд теңгені игеру жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ел тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіп­сіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байла­нысты мәселелерді шешу мақса­тында жобаланып, жүзеге асыры­лып жатқан «Ауыл аманаты» мем­ле­кет­тік бағдарламасына барша бұ­қа­ра қатты мүдделілік танытып отыр. Өңірге 11 млрд теңге аударылды. Ордабасы ауданының Бадам және Шұбар ауылдық округтерінде ауыл тұрғындарының басын біріктірген жеті кооператив «Ауыл аманаты» бағдарламасына атсалыспақ. Олардың төртеуі (жалпы саны 165 қатысушы) – отбасылық сүт фермалары, сонымен қатар бордақылау алаңы, құс фабрикасы және жылыжай шаруашылығы. Ауыл бизнесі мемлекеттік бағдарлама ұсынған қолайлы жағдайлардың арқасында табысты дамуға мүмкіндік алады, оны ұйымдастырушылар тұрақты жұмыс пен табыс алады.

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен ауыл тұрғындарының әлеуетін арттыруға бағытталған «Ауыл Аманаты» бағдарламасының аудандағы жұмыс барысы бойынша жиын өтті. Жиын барысында аталған бағдарламаға Қараспан, Бадам, Шұбар ауылдарынан қатысып отырған, қатысуға ниетті азаматтарға “Ауыл Аманаты” бағдарламасының басым бағыттары түсіндірілді. Үгіт-насихат жиынында аудан басшысы Азат Әбдіғалиұлы сала жауаптыларына мемлекеттік бағдарламаға құжат тапсырған азаматтардың қатысу деңгейін қадағалап, кәсіп көзін ашуына қолдау көрсетуді тапсырды.

Айта кетерлігі, “Ауыл аманаты” бағдарламасы бойынша ауданнан облыстық «Ырыс» МҚҰ на құжат тапсырған азаматтар саны 350, қаржы көлемі 1 млрд, 812 млн тенге. Оның ішінде мақұлданғаны 240, қаржы көлемі 1 млрд, 570 млн тенге. Қаржыландырылған азаматар саны 174, қаржы көлемі 1 млдр, 95 млн тенге. Бас тартылған азаматтар саны 33, қаржы көлемі 241 млн тенге. АӘК алушы 2 азамат, қаржы көлемі 10 млн тенгені құраған.

Естеріңізде болса, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды бағдарламасында ауылдағы өмір сүру деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударғанын атап өткен-ді. Таяудағы 7 жылда ауыл тұрғындарының табысын арттыруға 1 триллион теңге бөлу көзделген, бұл ауыл шаруашылығында 350 мыңнан астам сапалы жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Осы орайда «Ауыл аманаты» бағдарламасы жайлы кеңінен тоқталып, оқырмандар назарына ақпараттарды ұсынуды жөн көріп отырмыз. «Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру. Бағдарлама 2023-2025 жылдарға арналған, несиелер биылғы жылдан бастап беріле бастады. Жоба аясында қандай жеңілдік­тер қарастырылған? Бағдарлама бо­йынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады, сон­дай-ақ техниканы лизингке рәсімдеу­ге болады. Қарыз алу шарттары да өте тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен. Несие/шағын несие мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша – 7 жылға дейін. Несиенің, шағын несиенің ең жоғары сомасы қолданыстағы заңна­ма бойынша айқындалады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз. Мұндай несиенің халыққа пайдалы екендігі сөзсіз. Мәселен, ауыл тұрғындарының бүгінде бірде-бір коммерциялық банк­тен мұндай шарттармен несие алу мүмкіндігі жоқ. Әлемдегі инфляцияны ескеретін болсақ, 2,5 пайыздық несие – өте тиімді. Ауылда қандай да бір өндіріс ашып, оны дамыту үшін аталған жоба – үлкен мүмкіндік. Тағы бір айта кетерлігі, «Ауыл аманаты» аясында несие алған азаматтарға негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша 1,5-2 жыл жеңілдік кезеңі де қарастырылған.Қаражатты ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, зей­неткерлік жасқа толмаған жұмыс­керлер, жеке кәсіпкер ретінде тауарлар­ды өндіру немесе өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөнін­дегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар, отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар, қосалқы шаруа­шылықтың мүшелері, табысы ең төменгі күн­көріс деңгейінен төмен өндіріс­тік коопе­ративтердің мүшелері ала алады.

Шағын несие алу үшін өтінім беруші жеке кәсіпкер болып тіркелуі керек. Сондай-ақ салық органдарында тіркеудің болуы, басқа несиелер бойынша мерзімі өт­кен жарнаның, мемлекеттік кірістер ор­ган­дарында берешектің болмауы талап етіледі.Несие алушыда ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер телімі, қора және басқа да қажетті жағдайлардың болуы шарт, сондай-ақ ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне мүшелікке кіру және жоба аясындағы өндірген өнімін өндірістік коо­перативке өткізу талап етіледі.Бағдарламаның қалай жүзеге асырылатыны және несиелеудің шарттарына назар аударар болсақ, ең бірінші кезекте жеке қосалқы шаруашылықтар­ды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық беріліп жатқаны байқалады. Бұл ретте алынған өнімнің сапасын, салмағын арттыратын өңдеу саласына қатысты жылыжайлар, сүт, ет өндірісі, құс және балық шаруашылығы секілді жобалар, өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау және басқа бағыттағы бизнес жобаларды қаржыландыруға ерекше мән беріліп отыр.

Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық пен атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту, сонымен қатар өзін өзі қамтушыларды заңдастыру. Бағдарламаның қалай жүзеге асырылатыны және несиелеудің шарттарына тоқталатын болсақ, ең бірінші кезекте жобаны іске асыруда жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық беріліп жатыр.Несие алу үшін ауыл тұрғындары алдымен ауыл әкімдіктеріне өтінім білдіру қажет. Бұл жобаның ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құстың санын көбейтуге, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігі тиеді деген ойдамын. Шартта көрсетілгендей, несие алушы кем дегенде бір жыл сол жергілікті ауылдың тұрғылықты азаматы болуы керек. Оған қоса, міндетті түрде кепілге қоятын жылжымайтын мүлкі болуы шарт. Егер кепіл болмаған жағдайда туыстардың кепілін пайдалануға болады. Бағдарламада уақыт шектеуі жоқ. Аталған жоба 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Микрокредит мерзімі – 5 жыл, мал шаруашылығы жобаларына 7 жылға дейін беріледі. Жылжымайтын кез-келген мүліктің 60 пайызы бағаланады. Бір жылға дейін демалыс қарастырылған.

Бұл ретте Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы облыс бойынша «Жұмысшы топ» құрамымен бірге барлық аудандарды аралап, бағдарламаның концепциясын құруға, басым бағыттарын таңдауға, несие беру ережесіне қатысады. Нақтырақ айтқанда, палатаның қызметі жобаларды сүйемелдейді, бизнес жоспар дайындап береді, құжаттарды жинақтауға көмек береді. Несие алушыға ауыл тұрғындарының ауыл шаруашылығы кооперативіне кіруіне кеңес береміз. Неге десеңіз, бұл арзан бағамен жем сатып алуға, жер жыртуға, қоқыс шығаруға, арнайы техникаларды арзан бағамен пайдалануға мүмкіндік береді. Қысқасы, кооперативке бірігудің пайдасы көп. Бірінші кезекте сату мәселесі шешіледі. Мәселен, кооперация мүшесі 8,6 миллион, ал төрағасы 27 миллион теңге ала алады.Сонымен қатар Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков Бөген ауыл округі тұрғындармен есепті кездесу өткізді.Кездесу барысында аудан басшысы ауыл азаматтары тарапынан көтерілген ұсыныстар мен өзекті мәселелерге тоқталып, түрлі кездесулерде келіп түскен Коммуналдық, ауыл шаруашылығы, құрылыс саласы бойынша 9 ұсыныс-пікір бойынша айтып өтті.Аудан әкімінің тапсырмасына орай ауылдық Мәдениет үйінде үйірмелер ұйымдастырылса, қомқорлықтағы балалардың баспана мәселесі бойынша тұрғын үй салынған жағдайда кезектілікпен берілетін болмақ.

Аудан басшысы өткен кездесулерде бөгендіктер көтерген жарықшамдар орнату, электр бағаналарымен электр желілері жаңартыу, мәдениет үйімен спорт кешенін жөндеу, «Казсушар» РМК меншігіндегі 44 дренажға жөндеу жұмыстарын жүргізу, құрылысы жүргізіліп жатқан Р-1 арығынан шығатын ішкі арықтарды қоса бетондау, ауылдан жаңа емхана салу мәселелері бойынша нақты шешілу жолдарын айтты. Әрі халықпен кездесуде айтылған өзекті мәселелерді шешудің жолдарын түсіндірді.Мәселен, ауылдағы ауыз су жүйесін қайта құру бойынша ЖСҚ әзірленіп биыл сраптама қорытындысы алынған. Келесі жылы құрылыс жұмыстарына қаржы қарауға ұсынылады.Және де, Кемер ауылына көше жарықтарын орнату бойынша сметалық құжаттамалары дайындалған. Береке, Бірлік көшелеріне 3,1 шақырымына 2023-2024 жылдары орнатылатын болады.Сонымен қатар “Р-4” каналын мемлекеттік меншікке өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.