Домой Қоғам ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ЕТ ЭКСПОРТЫНАН КӨШ БАСТАП ТҰР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ЕТ ЭКСПОРТЫНАН КӨШ БАСТАП ТҰР

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес, жыл сайын елімізде маусым айының екінші жексенбісінде «Малшылар күні» кәсіби мерекесі атап өтіледі. Түркістан облысының мал шаруашылығы саласы елімізде жетекші орында. Мемлекеттік қолдау мен атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде мал шаруашылығы қарқынды даму жолына түсті.

Өткен жылы мал шаруашылығы өнімі 470 млрд. теңгені құрап, үлесі республикада 1 орыннға шықты немесе 11 % құрады. Еліміздегі ірі қара мал санының 13 пайызы, қойдың 22 пайызы, жылқының 11 пайызы, түйенің 15 пайызы, өндірілген еттің 13 пайызы, сүттің 16 пайызы өңірдің үлесінде.

Облыстағы қой басының 14 %, ІҚМ, жылқының 5 %, түйенің 7 % асыл тұқымды. 2024 жылдың 4 айында ірі қара мал саны 1 млн. 232,5 мың бас, қой мен ешкі 5 млн. 502,4 мың бас, жылқы 484,8 мың бас, түйе 44,5 мың бас, құс 2 млн. 085,5 мың басты құрады. 78,4 мың тонна ет, 235,33 мың тонна сүт, 78,3 млн. дана жұмыртқа өндірілді.

Ет экспорты бойынша Түркістан облысы республикада көш басында. Экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80%, ұсақ мал етінің 75% облыстың еншісінде (2023 жылы 10,9 мың тонна ІҚМ, 5 мың тонна қой еті экспорталды. Мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық көлемін ұлғайтуда өңірде бордақылау алаңдары мен кешендерін жүйелі дамыту ісі оң септігін тигізуде. Облыста жалпы 9183 ірі қара мал бордақылау алаңы бар. Оның ішінде, 400 басқа дейін 9148 бірлік, 400 бастан 1000 басқа дейін 13 бірлік, 1000 бастан жоғары 22 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр.

Облыста мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде 7 ет өнімдерін өңдеу (24,6 мың тонна), 23 сүт өнімдерін өңдеу (143,2 мың тонна) кәсіпорындары жұмыс істейді. Осы кәсіпорындар есебінен облыста өндірілген еттің 29,0 %, сүттің 21,5 % қайта өңделіп, нарыққа шығарылуда.

Атап айтқанда, «Қарқын-2030» ЖШС-нің «Narlen» маркасымен шұжық, жұмыртқа өнімдері, «Айкан» ЖШС-нің «Эмир» маркасымен сүт өнімдері, «Бөрте милка» ЖШС-нің «Бөрте Милка» маркасымен сүт өнімдері Қазақстан нарығында жоғары сұранысқа ие болып, брендтке айнала білді.

Сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын арттыру бойынша жалпы құны 10,5 млрд. теңгені құрайтын 3 ірі тауарлы сүт фермалары инвестициялық жобалары жүзеге асырылуда. Бұл жобаларды қолдауға республикалық бюджеттен жылдық 2,5 % мөлшерлемемен 6,0 млрд. теңге қаржы бөлінді. Олар: «БНК АГРО KZ» ЖШС, «Бөрте Милка» ЖШС, «Sultan Agro» ЖШС.

Жобалар Түркиялық «Sezer», Швециялық «De-Ieval» автоматты технологиялық қондырғыларымен жабдықталады. Дания, Венгрия мемлекеттерінен өнімділігі жоғары Голштин тұқымды 1600 бас және Симментал тұқымды 600 бас аналық ірі қара мал әкелінеді. Осы жобалар арқылы жылыны қосымша 10,4 мың тонна сүт өнімі өндіріледі.

Облыс экономикасының маңызды саласының бірі ауыл шаруашылығында өткен жылы өнім көлемі 1 трлн. теңгеден асып, республикада көш бастады. Жыл басынан салаға 88,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. Егістікті әртараптандыру нәтижесінде көкөніс, бақша өнімдерінен рекордтық 3,3 млн тонна жиналды. Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында биыл құны 16,7 млрд.тг құрайтын 25 жобаны іске асыру көзделсе, соның құны 14,1 млрд.тг болатын нақты 22 жоба қосылды. Нәтижесінде 396 жұмыс орны ашылды. Салада жаңа технология кеңінен қолдануда. Қарқынды бау көлемі биыл 5 405 гектарға жеткізілді. Нәтижесінде, өнімділік 5 есеге артып отыр. Бұрын 60-70 центнер болса, қазір 300-350 центнерге дейін өнім жиналуда. Су үнемдеу технологиясы 31 788 гектарға, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы 9 403 гектарға ендіріліп, суды 2 есе үнемдеуге мүмкіндік берді. Жылыжайлардың жалпы көлемі 1 640 гектарға жетіп, 140 мың тонна өнім жиналды. Мал шаруашылығының дамуы бойынша облыс республикада алдыңғы орында. Мал басы және өнімділігі орташа есеппен 5%-ға өсуде. Ет экспорты бойынша облыс республикада алдыңғы орында. Ірі қара мал етінің үлесі 85%, ұсақ мал – 60% құрайды. 10 мың тонна ірі қара мал, 4,6 мың тонна қой еті экспортқа жөнелтілді.

Қазіргі кезде Қазақстанның ар­найы жылқы өсіретін зауыттары мен шаруашылықтарында жылқының қолға үйретілген 17 тұқымы өсіріледі. Қазақстанда ерте кезден бастап өсіріліп келе жатқан тұқымның бірі – қазақы жылқы. Жылқы өсірудің маңызы – қы­мыз өндіруге, спорттық жарыстарға қосуға және ет өнімін пайдалануға қолайлы шаруа­шылық.

Жылқы шаруашылығы – қазақ халқының ең жанды тұсы. Тарихи деректер бойынша жылқының ең алғашқы қолға үйретілген негізгі отаны Шығыс Еуропаның далалық аймағы, Орталық Азия және Қазақстан деп саналады. Кеңес өкіметі жылдарын­да Қазақстанда 1,3 млн жылқы болса, қазір оның саны  950 мыңдай ғана.

Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды» деп атап өткен еді. Қазақ қашаннан жылқылы ел болғаны белгілі. Aқ қашып, қызыл қуған XX ғасырдың басында бір-екі мың жылқы көп саналған екен. Этнографиялық деректер бойынша Арқаның қазағы көп жылқыдан ХІХ ғасырдың ортасына таман айырылған. Оған дейін Арқада Құдайменді төре, Азынабай мен Бапақ (Сүйіндік), Сапақ (Қуандық), Шабанбай (Бәсентиін), Мұрат (Қанжығалы) сияқты жиырма мыңдап жылқы айдаған бай көп болғаны белгілі. Олардың маңайына міндетті түрде рулас ағайындары қоныстанғаны анық. Расында, жылқы малын ерттеп мінсең – көлік, сіңімді еті – тіл үйірер тағам, балдай қымызы – шипалы сусын және дертке дауа. Қазақ халқының бір ғасырлық тарихын басынан кешірген ақын Жамбыл Жабаев атамыз: …Үйірілген сары алтындай сары қымыз, Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі қымыз. Елімнің баяғыдай сүйген асы, Шығаршы тағы нең бар кәрі қымыз, – деп жырлағаны соған дәлел емес пе? Ерейментау ауданы Торғай ауылының тұрғыны, танымал жылқышы Жанат Ахме­товтің айтуынша, қымыздың: саумал, жаба­ғы қымыз (оның дәмінің жуастығына бай­ланысты), тай, құнан, дөнен, бес түне­мел асқан – асау (қу) қымыз түрлері болады. Жаңа сауып алынған бие сүтінің (cаумал) табиғи сақтау мерзімі 20 минуттан аспайды. Оны көбінесе балаларға тағам ретінде ішкізеді және асқазаны сыр берген, табиғи ем іздегендер шипасы мол, шипалы дәрі ретінде пайдаланады.

Мал санының артуы еттің экспор­тына да оң әсерін тигі­зіп отыр. Соңғы екі жылда ет экспорты 2,5 есеге дейін көбейіп, соның ішінде «қызыл» еттің сыртқа сатылымы 3,3 есеге, «ақ» еттің экспорты 45,1 пайызға көбейген.

Бүгінде Қазақстанда 3 млн бастан аса жылқы бар. Осылайша, еліміз Қамбар ата түлігінің саны жөнінен әлемдегі он елдің қатарына енеді. Алдына АҚШ, Мексика, Қытай, Бразилия, Моңғолия елдерін ғана салады. Дегенмен, ұшқан құстың қанаты, шапқан тұлпардың тұяғы талатын байтақ даламызда жылқы санын арттырудың да мүмкіндігі мол. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары елдегі жылқы санының 3,6 млн бастан асқанын ескерсек, жері бізден 40 пайызға аз Моңғолияның алдына шығып, жылқының саны бойынша әлемде үздік бестікке енуге қауқарымыз жетеді. Ол үшін мемлекеттік деңгейде жылқы шаруашылығын мықтап қолға алу керек.

Соңғы бес жылда Қазақстанда бие сүтінің көлемі 5,2%-ға артып, жылына 27 мың тонна қымыз, саумал өндіретін жағдайға жетті. Бұл саланың дамуына қарағандылық «ЕуразияИнвест ЛТД» компаниясының да қосқан үлесі зор. Мысалы, аталған компанияның меншігіндегі зауыттың үлесіне 25 мың гектар жайылым жер тиесілі. 1,5 мың бие тәулігіне 2,5 мың тонна сүт береді және осының арқасында жоғары сапалы сублимацияланған бие сүтінің бір жылдағы мөлшері 30 мың тоннаға дейін жетеді. Ал, «Saumal» сауда белгісімен биенің сүтінен жасалған құрғақ ұнтақтың Ресей, АҚШ, Қытай нарығына шыққаны да қуантады.

Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, жыл сайын жылқы өніміне сұраныс артып келеді. Жылқы өніме адам денсаулығына пайдалы, бір сөзбен айтқанда жоғарғы сортты өндерге жатқызуға болады. «Тегіміз – түркі, түлігіміз – жылқы» дейтін біздің қазақ үшін мінсе – көлік, жесе – ас, ішсе – сусын болған жылқы қашанда төрт түлік малдың төресі саналады. «Ер қанаты – ат» дейтін де қазақ. Қамбар ата түлігін жеті қазынаның бірі санайтын да қазақ. Дәл қазақтай жылқыны қастерлейтін басқа ұлтты кездестіру қиын. Оның еті де, қазы-қартасы да, жал-жаясы да, қымызы да қазақ дастарханының төрінен орын алады. Ал, жылқы санының артқаны қуанарлық жағдай. Дегенмен, жәй ғана қуанып қою аздық етеді. Енді жылқы еті мен оның өнімдерін экспортқа шығарудың қамына кірісу керек.

Жылқы – ерекше күтімді қажет ететін жануар. Ол кез келген шөпті жемейді. Қазір жылқыға семірту үшін арнайы дәрі егетін болған. Сол дәрінің арқасында ол бір айға жетпей семіріп шыға келеді. Бұл – аз уақыттың ішінде семіртудің амалы. Мұндай екпелер тек ірі қараға әсер етеді. Бірақ еті құнарсыз, дәмсіз келеді. Екпемен семірген жылқының майы аппақ болады. Қайнатқанда майы су сияқты ағып кетеді.

Статистикалық болжамға сүйенсек, алдағы 10-15 жылда еліміздегі қылқұйрықтылардың саны 10 миллионнан асады деп болжап отыр. Бұған еліміздегі жайылымдық жерлер мүмкіндік береді. Ендігі жерде қазақ жылқысының сапа тұрғысындағы көрсеткіштерін арттыру маңызды. Жоғарыда айтқандай, жаңаалтайлық тұқымның генотипінде алтайлық, кеңестік, орыс, литвалық ауыр жүк тартатын жылқы тұқымдарының қаны бар. Бұл тұқымдардың генетикалық потенциалы жоғары, тірідей салмағы 600-ден 1000 кг-ға дейін жетеді. Ал сүттілігі – 4 мыңнан 7 мың литрге дейін. Маңыздысы, бұл тұқым жыл бойы тебінді жайылымға бейімделген әрі бұл жағынан қазақ жылқыларынан кем түспейді.