Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ

ТҮРКІСТАН: ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ

Сан қилы салада еңбек еткен Алаш арыстарының саны көп. Оларды әмбебап еткен – заманы. Ұлт болмысын сақтау жолында бар ғұмырын арнаған Алаштың айбынды арыстарының бірі – Ахмет Байтұрсынұлына тоқталмасқа болмайды.

«Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.

Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын,

Ел бір күншіл, менікі – ертең үшін»-деп, ұлтымыздың мүддесі мен болашағы үшін күресіп, артына өшпес мұра қалдырған Ахмет Байтұрсынұлының есімі күллі Алаш жұртына мәлім екені анық.

Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға – Қазақстанның тәуелсіздігі, туған халқының рухани жаңғыруы жолындағы күреске бар білімін, күш-қуатын, өмірін арнады. Қазақ зиялыларының басқа да көрнекті өкілдерімен бірге XX-ғасырдың 30 жылдарындағы жаппай қуғын-сүргіннің құрбаны болды.

Ол мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы, ұстаз, ақын, публицист, ұлттық жазудың реформаторы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы, Алаш партиясын құрушылардың бірі ретінде танымал. Ахметтің артында қалдырған еңбектері, келешек ұрпақтың аманаты, жемісі. Бүгінгі ұрпақ А.Байтұрсынұлы бастаған Алаш азаматтарына қарап бой түзейді. Оның өмір жолы ауыр да, азапты болды. Аласапыран кезеңде Алаш жұртына түзу жол көрсетіп, дөңгеленген дүниеден қазақтың өз үлесін алып беруді көздеді. Көкірек көзі ашық, көңілі көлдей қазақ жастары Ахмет атамыздың артынан еріп, ақылын тыңдап, автономия құрды. Ахмет Байтұрсынұлының басшылы-ғымен қазақ зиялылары қазақтың шекарасын бекітіп, керегесін кеңейтіп, әдебиетінің іргесін қалады. Сол үшін де Байтұрсынұлы-ның мұрасы шын мәнінде сарқылмас қазына. Көрнекті реформатордың есімімен байла-нысты оның әдеби мұрасын, өмірі мен шы-ғармашылығын, ғылыми еңбектерін зерттеу үлкен маңызға ие. Ол ХХ-ғасырдың феномені, сондықтан барша қазақстандықтардың шынайы қызығушылығын оятуда.

Себебі ол – ұлтының бол­мысын терең таныған ғалым. Абай, Шоқан, Ыбырай қалыптастырған өрісті ойларды әрі қарай дамытып, гуманистік бағытта жалғастыра біліп, жетілдіріп күні бүгінге дейін пайдалы боларлық мұра қалдыра білді. Ахмет айтқандай: «Басқадан кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Ал күшті болуға бірлік керек», деп, бү-гінде қандай да бір жетістікке жету үшін әл-бетте білім керек екені белгілі. Ал білімді жас-тары бар елдің экономикасы берік, тәуелсіздігі мәңгі болатыны сөзсіз. Айбынды азаттықты халқына аңсаған ұлт ұстазы – елінің мүддесін ойлап өткендігін аңғара аламыз.

«Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі»,- деп жырлаған ұлттың ұлы ұстазы өз халқына адал қызмет етуді өмірдің басты мақсаты етті. Сол үшін ол мұғалім де, ғалым да, саясаткер де, мемлекет қайраткері де болды, осылайша Отанға адал қызмет етудің үлгісін көрсетті. Ол барлық жағдайда адал бола білді. Отанға және жұбайына деген махаббатта, өзінің мақсаты мен құндылықтарына, ұлтына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті бойына сіңірген ұлт зиялысының жүрегі кең, ақылы асқақ, ғалым бола білді. Оның еткен еңбегі бір мақала көтеретін жүк емес. Біздікі тек «Ұлт ұстазының» бір қырын көрсетіп, «жанам» деген жүрекке от беру ғана.

«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды»-демекші, мұғалім қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. «Іздесең – табасың, алыссаң аласың», мақсатқа жету үшін қайтпас қайсарлық, асқан төзімділік, таудай талап пен табандылық керек болса сол табандылығымен үлгі-өнегесін жан-жақты көрсетіп жүрген үлгілі ұстаздар қауымы Ахметтің қалдырған мұрасын дәріптеушілер. Еккен дәннің жемісін көру үшін алдына келген әр баланың жүрегін жаулап алып, өмірден өз орнын таба алатын, дүниенің бір кірпіші боп қаланатындай азамат тәрбиелеу үшін ұлы тұлғаларды дәріптеу басты мақсатымыз.

«Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі»-деп дана бабаларымыз айтқандай, азаттық алған жұртымыздың кемел келешегіне қалтқысыз қызмет жасайтын бәсекеге қабілетті жас буын ұрпақты уақыт үдерісіне сай жеке тұлға ретінде қалыптастыру ісі мемлекетіміз үшін маңызды болса, білім жолында еңбек сіңірген зиялы қауым өкілдерін тану ұлт үшін міндет болмақ.

Ұлы ойшылдарымызды айшықтап, олардың философиялық мұраларын бағалағаннан кейін, өз елімізде қазіргі таңда қызмет етіп жүрген ұлы тұлғаларды да қарастырып өтсек, олардың қоғамға қосқан үлесі мен жетістіктері арқылы елдің дамуына қандай әсер тигізгенін түсіну маңызды.

1. Білімге, тәрбиелеуге арналған еңбекқорлық

– Ұстаздар: Кез келген ұстаздың басты мақсаты – шәкірттеріне білім беру және оларды тәрбиелеу. Ұстаздар күнделікті өз жұмысына адал болып, оқушыларды біліммен сусындатып, қоғамға пайдалы азаматтарды тәрбиелейді. Олардың өз істеріне деген адалдығы мен жауапкершілігі жастарға үлкен үлгі. Бұл дегеніміз, ұстаздардан кез келген істі адалдықпен атқаруды, сабырлы және табанды болуды үйренуге болады.

2. Елге қызмет ету

– Абыройлы азаматтар: Елінде беделі жоғары азаматтар, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, дәрігерлер, заңгерлер және т.б. өз салаларында еліне қызмет етуде озық үлгі көрсетеді. Олар халықтың игілігі үшін еңбек етіп, өз ісіне адал болып, қоғамды жақсартуға үлес қосады. Бұл дегеніміз, әрбір адам өз саласында адал қызмет етіп, өз еліне пайдамды қалай тигіземін деп ойлануы керек.

3. Адалдық пен әділдік

– Адал және әділ азаматтар: Әділдік пен адалдықтың үлгісі болу – кез келген азаматтың маңызды қасиеттері. Адал азаматтар өз сөзінде тұрып, шыншылдықпен әрекет етеді, әділеттілік принциптерін ұстанады. Мұндай адамдар қоғамда сенім тудырады. Олардың осы қасиеттері жастарға шыншыл болуға, өз сөзінде тұруға, әділетті болуға үйретеді.

4. Қоғамдық белсенділік

– Қоғам қайраткерлері: Қоғамда белсенді азаматтар өз ойларын ашық айтып, маңызды мәселелерді көтеріп, олардың шешімін табуға атсалысады. Олар қоғамның дамуына ықпал етіп, өзгелерге үлгі болады. Бұл жастарға өз пікірін білдіру, қоғамдық істерге қатысу, жауапкершілікті өз мойнына алу сияқты қасиеттерді үйретеді.

5. Қайырымдылық пен мейірімділік

– Қайырымды азаматтар: Қайырымдылықпен айналысатын азаматтар, мысалы, жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетіп, қайырымдылық шараларына қатысатындар, қоғамда мейірімділік пен қамқорлықтың үлгісі бола алады. Бұл жастарға өзгелерге көмек көрсету, мейірімді болу, қоғамға пайдалы іс жасау қажет екенін үйретеді.

6. Мамандыққа деген адалдық

– Өз ісінің мамандары: Әрбір салада өз ісін жетік білетін, кәсіби деңгейде жұмыс істейтін азаматтар бар. Мысалы, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер, фермерлер – олардың барлығы өз саласында үздік болуға талпынады және адал еңбек етеді. Бұл жастарға өз ісіне деген адалдықты, кәсіби шеберлікті дамытуға және жауапкершілікпен жұмыс істеуге үйретеді.

Қорытындылай келе, қазақтың ұлы тұлғаларынан, ұстаздардан және елінде абыройлы азаматтардан үлгі алу – біздің рухани, моральдық және кәсіби дамуымыз үшін маңызды. Бұл тұлғалардың өмір жолы, еңбегі, және мінез-құлқы бізге адамгершілік, адалдық, білімге ұмтылу, елге қызмет ету, еңбекқорлық, және әділдік сияқты құндылықтарды бойымызға сіңіруге көмектеседі.

Осындай үлгілі тұлғалардың өнегелі өмірінен үйрену арқылы біз өзіміздің жеке тұлға ретінде дамып, қоғамға пайдалы азамат болуға талпынамыз. Олар көрсеткен жолмен жүріп, біз де келешек ұрпаққа үлгі боларлық істер жасай аламыз. Сондықтан әрбірімізге ұлы тұлғалардың, ұстаздардың, және абыройлы азаматтардың үлгісін қабылдап, оны өз өмірімізде қолдану – елдің болашағы үшін маңызды міндет.

Г.БЕКЖАН,

Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бөлім маманы.