Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: КОВИД ЖҰҚТЫРҒАН 7 ӘЙЕЛ АМАН ЕСЕН БОСАНДЫ

ТҮРКІСТАН: КОВИД ЖҰҚТЫРҒАН 7 ӘЙЕЛ АМАН ЕСЕН БОСАНДЫ

Кентау қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында ковид инфекциясын жұқтырған 7 әйел аман-есен босанып шыққан. Қазір ана мен балалардың жағдайлары жақсы. Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Гүлбану Жұмағалиқызы кеңінен баяндады.

  • Қала тұрғындарын карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Дәрілер толығымен жеткізілді. Қазір екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры бар. Тұрғындар тек талаптарды қатаң сақтауы керек. Сол кезде ғана бұл індетті толық жеңіп шыға аламыз. Қазір емханадан, «Жансая» шипажайынан дәрігерлер көмекке келіп, ауруханада кезекшілікке түсіп жатыр. Баршамыз біргелікті жұмыс істеудеміз, — деді Гүлбану Жұмағалиқызы.
    Қалалық орталық ауруханадағы жағдай да тұрақтала бастаған. Алдын күніне 50-60 адам жедел жәрдеммен жеткізілсе, қазір бұл көрсеткіш 10/15-ке дейін азайған.
    Брифинг барысында дәрігер қажетті кеңестерін айтып, санитарлық тазалықты сақтау керектігін жеткізді. Көп сұйықтық ішіп, құнарлы тағамдар жеу қажеттігіне тоқталды. Әр адам өз денсаулығын ойлап, қашықтықты сақтап, қолды жуып жүруі керек. Бетперде тағу міндетті. Әлеуметтік желілер арқылы келген видеоларға емес, нақты дәрігерлердің кеңесіне жүгінген дұрыс.