Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: КӘСІП БАСТАҒАН ТҰРҒЫНДАР ТАБЫСЫ АРТАДЫ

ТҮРКІСТАН: КӘСІП БАСТАҒАН ТҰРҒЫНДАР ТАБЫСЫ АРТАДЫ

Түркістан облысы табиғатты тиімді пайдалану арқылы табысын арттырушыларға мол мүмкіндік сыйлайтын өңір. Осы мақсатты жүйелі жүзеге асыру жолында қазір өңірде бірнеше жобалар құрылды. Әр ауданда ауылшаруашылығын дамыту бойынша «Ауыл аманаты» жобасы жүріп жатыр. Сонымен қатар, жер және су ресурстарын пайдалану бойынша бірнеше кездесулер өтуде. Мәселен, Сауран ауданы әкімі Мақсат Таңғатаров аудан аумағындағы жер қойнауын пайдаланушы кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуге облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Түркістан облысы бойынша экология департаменті, облыстық жер ресурстарын басқару департаменті, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және аудан аумағындағы жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорын басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кездесуде жер қойнауын пайдаланушылардың ауданға тіркелуі, аудандық статистика басқармасына айлық және тоқсандық есептіліктерді және өнім көлемдерін ауданға мерзімінде тапсыру, аудан аумағындағы жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған төлемдері, ауыр жүк көліктеріне арналған салмақ өлшеуіш таразы орнату, баламалы жол арқылы ауыр жүк көліктерінің жүруі туралы мәселелер қаралды.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров соңғы жылдары аудан аумағында жер қойнауын пайдалану, қазба жұмыстарының қоршаған ортаға кері әсері туралы түрлі пікірлер айтылып, халық арасында үлкен әлеуметтік мәселелер көтеріліп жатқанын атап өтті.

Сондықтан, кәсіпкерлер құқығын қорғау және жұртшылықтың пікірін назарға алу үшін осындай әлеуметтік мәселелерге тиісті қорытынды шығарып, заңсыз жер қойнауын пайдаланушылардың алдын-алу мақсатында аудан әкімдігі осы кездесуді арнайы өткізіп жатқанын жеткізді.

Жиында аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакриов баяндама жасады. Баяндамашының мәлімеуінше аудан аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін бүгінгі таңда 32 жер қойнауын пайдаланушылар бар (13 келісім-шарт және 19 лицензия). Оның ішінде 15 жер қойнауын пайдаланушы Шорнақ ауылдық округінде орналасқан. Бүгінгі таңда ауданымызда 18 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс істеп тұрған болса, 14 жер қойнауын пайдаланушы уақытша тоқтап тұр. Аталған кен орындардың ішінде бүгінгі таңға ауданымызға 4 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген.

Сонымен қатар, арнайы жұмысшы топ құрылып, олар жер қойнауын заңсыз пайдалану, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды (құм-тас қоспасы, топырақ, т.б) заңсыз қазу, тасымалдау, сатуды анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында алдын алу жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Жер қойнауын пайдаланушы кәсіпкерлерді ауданымызға тіркеп, кіріс көзін ұлғайту бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанына тоқталды.

Кездесуде облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жер қойнауы бөлімінің бас маманы Дәулет Сержанов, Түркістан облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Қазыбай Шора күн тәртібіндегі мәселе бойынша ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, жиында кәсіпкерлер тарапынан тиісті мамандарға көптеген сұрақтар қойылып, оларға заң аясында жауап берілді.

Біздің ірі кәсіпорындарымызда өзара кооперация мен әріптестік — шаруашылық желілерін қалпына келтіру және өзара төлемдер проблемаларын жеңілдету үшін қажетті жол. Ішкі кооперациялық байланыстар трансакцияның әрбір кезеңінде бағаны кәдуілгі айналдыруды болдырмауға мүмкіндік берер еді. Қаржы институттары мен өнеркәсіптік фирмалар арасындағы, ғылым мен өндіріс арасындағы, шикізат және өңдеуші салалар арасындағы тікелей байланыстарды қалпына келтіру өмірлік маңызды мәнге ие болуда. Өсімге қол жеткізу жөніндегі бірлескен іс-қимыл үшін базаны бүлдіретін өзіміздің тар ведомстволық бір сәттік мүдделеріміз үшін салалық лоббизммен күресті соңына жеткізу қажет. Қалыптасқан жағдайды шешу жолдары іскер топтар арасында сенім ахуалын құру, олардың жалпы мүдделерді жете түсінуі, мемлекетпен бірлесіп экономикалық ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді жоспарларын әзірлеп шығару болып табылады. Бұл үшін өзіне мемлекет тұлғасы алдында корпоративтік мүдделерді қорғауды ғана емес, өз мүшелерінің заң шеңберінде ойын ережесін сақтауы үшін жауапкершілікті де алуға қабілетті кәсіпкерлік одақтардың қызметін жетілдіру талап етіледі. Сол арқылы корпоративтік этиканы жандандыруға болар еді, оның бұзылуы «тұлғаның азып-тозуына» әкеліп соғады. Көрсетілген қайта құрулар ауыртпалықсыз жүргізіле алмайды, өйткені іскерлік әлемін өзіне бағындыруға және оған өзінің ойын ережелерін жапсыруға ұмтылатын көлеңкелі құрылымдардың қарсылығына жолықпауымыз мүмкін емес. Осы проблемаларды шешуде, шағын бизнестің өркениетті нормаларын қалыптастыру мәселелерінде мемлекет аса белсенді рөл атқаруы тиіс. Кәсіпкерлік аясымен ғана шектелмеген, олар бүкіл қоғам үшін тым өзекті. Реформа жалдамалы еңбек тұлғаларын білдіретін халықтың негізгі тобының белсенді қатысуынсыз, табысты жүзеге асырыла алмайды. Осыдан келіп, микро- және макродеңгейлерде әлеуметтік әріптестікті іске асыру қажеттілігі туындайды. Макродеңгейде мемлекетпен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, кәсіподақтармен және кәсіпкерлік қауымдастықтармен тығыз ынтымақтастық орнатпайынша, өндірісті құрылымдық қайта құрудың күрделі бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру мүмкін емес. Бірақ кәсіподақтардың қатысуы табысы аз кәсіпорындарды жабу, босатылатын жұмысшылар үшін жаңа жұмыс орындарын құру және оларды қайта оқыту жөнінде кешенді шаралар жүргізу кезінде әлеуметтік қауырттылықтың шиеленісуін азайтуы мүмкін. Әлеуметтік әріптестік жұмыспен қамтудың белсенді саясатын табысты жүзеге асыру үшін қажетті алғышарт болып табылады. Шағын бизнес дамуының көрсеткіштері экономикадағы шағын бизнес рөлі, негізінен, әлеуметтік, яғни жұмыс орындары санының өсуімен байланысты екендігін көрсетеді.

Осыған байланысты, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламада шағын және орта кәсіпкерліктің нысандары үшін олардың қызмет көрсету саласының ерекшеліктерін және өндіріп жатқан тауарлары мен қызметтерінің маңыздылығын ескере отырып, әртүрлі жеңілдіктерді қолдану және жалпы құқықтық шарттарды қалыптастыру керектігіне мән берілуде.

Бизнес – ол өзінің есебінен және өзінің тәуекелділігі мен жауапкершілігіне қарызға алған қаражаттың немесе өзінің қаражат есебінен іске асырылатын, мақсаты болып тұрақтандыру мен кіріс алу үшін жеке ісін дамыту және кәсіпкерлік болып табылатын еңбек ұжымының жалпы қоғамдық әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталып, өз еркімен жасалған коммерциялық қызмет. Басқа сөзбен айтқанда, бизнес – ол өзінің және қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруға, өзінің ісін, қайта жасап шығаруды кеңейтуге, мекеменін сапалы өркендеуін пайдалануы мен кіріс алуға, қаражатты көбейтуге бағытталған және тұрақты инновацияларды пайдалануға арналған, өз еркімен жұмыс істейтін әрекетті экономикалық қызмет. Бүгінгі Қазақстандағы бизнестің мақсаты – шаруашылық айналымды өсіру және кіріс алу емес, сонымен қатар үздіксіз дағдарыс жағдайында өмір сүру қабілеттілігі. Бизнес этикасы – ол адалдық, ашықтық, айтқан сөзінде тұратын, нарықта тұрақталған ережелер мен дәстүрлерді, әрекеттерді заңдарға сәйкес тиімді пайдаланып жұмыс істеу мүмкіндігіне негізделген іскерлік этика. Нарықтық жағдайда кәсіпкерлік қызмет қорытындысы ең алдымен, бизнесменнің құзырында болады, материалдар мен қызметкерлер, ондағы адамдардың жұмысының сапасы және олардың психологиялық факторларының ерекшелігінің маңызы алдын ала анықталады. Бизнес психологиясы, ондағы күндегі орнықтырылып жатқан табысқа жету іскерлік бағыты сияқтанады. Адам «симптомдардың» білінуін қарастырып көрейік. Әкімшілік тәртіптерде мыналардан бөлінеді: Жеке адам әділдігінен, оның басымдыққа бейімділігінен, атақ кұмарлығынан, кызбалығынан және әлеуметтік тегінен. Жеке адамның өзін көрсетпек болған тілегімен емес, нақтылы ситуация талаптарымен басқарылатын тәртіп келтірілген деңгейі объективтілік деп түсініледі. Бастық өзінің сезімін қызметшіге «айқайымен» білдірсе, қызметшінің жұмыс нәтижесін жақсартудын ақылды әдісі деп емес, осы бастықтың мұндай тәртіпті психологиялық қажеттілігі тұрғысынан көрсетуі деп түсінген дұрыс.