Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру — елдің әлеуетін арттырып, бәсекелестік қабілетін дамытуға негіз болады.
Осы бағыттағы келелі іске ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған ақпараттық — ағартушылық Штаб мүшелері, яғни этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары «тікелей эфирге» шығып, өз үлестерін қосуда.
Мәселен, Штаб мүшесі, славян мәдени орталығының төрайымы М.А.Лиморенко қоғам індетімен күрес шараларын күшейтумен қатар, оның алдын алу жолдарының маңызды бағыттарын түсіндіріп, әлеуметтік дертпен бірге күресу жүргізуге шақырды.
Ал, парвиз-түрік мәдени бірлестігінің төрағасы Ю.Султанов парасаттылық құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы азаматтардың бойына адалдық қасиеттерін дарыту және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мен тұрмыстық жемқорлықты жоюда азаматтық белсенділік танытудың маңыздылығына айрықша тоқталып өтті.
Айта кетсек, игі мақсатты көздеген үгіт-насихаттық Штабтың негізгі мақсаты — халықпен сындарлы сұхбат құру және ақпараттандыру шаралары арқылы тұтастық қағидаларын кеңінен дамыту болып табылады.