Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіп кешені саласында атқарып жатқан жұмыстары және дамыту бағытындағы атқарып жатқан іс-шаралары аз емес. Бүгінгі таңда егіншілік саласында ұзақ жылдар бойы топыраққа агрохимиялық сараптама жүргізілмегендіктен, химиялық тыңайтқыштарды жүйесіз қолдану арқылы егістік жерлерде топырақтың құнарлығы төмендеп нәтижесінде топырақтың сорлануы, ластануы, тұздануы сияқты келеңсіз факторлар орын алған. Салдарынан дақылдардың өнімділігі мен сапасының төмендеуі өзекті мәселеге айналуда.
Агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің жеңілдікпен қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру мақсатында «Экономиканың нақты секторына кредит беруді кеңейту және халықтың шамадан тыс несие алуын азайту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарына кредит беруді ұлғайту, агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі салаларындағы жобаларды «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының ұйымдары тарапынан қоса қаржыландыру тетіктерін кеңейту жөнінде жұмыс жүргізілуде.
Бұдан басқа осы Жарлыққа сәйкес осы жылдың соңына дейін астық қолхаттарын несие беру мақсаттары үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері кепілдік берген тұрақты кепілдер санатына енгізу жоспарланып отыр. Ол үшін Ауыл шаруашлығы министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және Ұлттық банкпен бірлесіп, астық қолхаттарын кепіл ретінде енгізу үшін өлшемшарттар мәселесін пысықтауда. Саланы жеңілдікпен қаржыландыру көлемін ұлғайту үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамымен бірлесіп, агроөнеркәсіп кешенінің басым бағыттары бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында 40 млрд теңге көлемінде «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының бюджеттік инвестицияларын тарту бойынша жұмыс жүргізуде.
«Сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде азық дайындайтын техниканы және суарудың мобильді жүйелерін сатып алуды қаржыландыру үшін кейіннен лизингке бере отырып, биыл «ҚазАгроҚаржы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға 20 млрд теңге бөлінетін болады. Жалпы үш жыл ішінде осы мақсаттарға 79,4 млрд теңге бюджеттік инвестицияны бағыттау жоспарлануда», — деді.
Осы шаралардың барлығы агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің қаржыландыру жағдайларын жақсартуға және қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы министрінің сөзінше, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру басталды, оның шеңберінде сенім білдірілген өкіл арқылы 5 жылға дейінгі, мал шаруашылығы саласында 7 жылға дейінгі мерзіммен жылдық 2,5%-бен микронесиелер берілетін болады. Микронесиенің ең жоғары сомасы 8,6 млн теңгені құрайды, бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін – 27,6 млн теңге.
Жобаны іске асыруға биыл 17 мың микронесие беру жоспарымен 100 млрд теңге көзделген, бұл 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Отбасылық шаруашылықтардың ауыл шаруашылығы жануарларын азықпен қамтамасыз ету мақсатында өз мүшелеріне өзіндік құны бойынша қызмет көрсететін және оларға азықты нарықтық бағадан төмен бағамен сататын сервистік ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жоспарлануда. Жалпы 7 жыл ішінде жобаға 1 трлн теңгеге дейін бөлу жоспарлануда, ол 1 млн-нан астам ауыл тұрғынын қамып, 350 мыңға жуық жұмыс орнын құрады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін алып қою жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады. Биыл қосымша 5 млн га ауыл шаруашылығы жерін қайтару жоспарланып отыр. Бұл ретте аталған жерлер бірінші кезекте ауыл халқының мал жаю мұқтаждығын қанағаттандыруға бөлінбек», —деді.
Сонымен қатар, оның мәлімдеуінше, «Аманат» партиясының жанынан «Ауыл аманаты» арнайы жобалық кеңсесі құрылғанын атап өткім келді, ол Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, ауыл халқының табысын арттыру бағдарламасының сапалы іске асырылуын бақылап, қадағалайтын болады. Ал Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіп кешені саласында атқарып жатқан жұмыстары және дамыту бағытындағы атқарып жатқан іс-шаралары аз емес. Бүгінгі таңда егіншілік саласында ұзақ жылдар бойы топыраққа агрохимиялық сараптама жүргізілмегендіктен, химиялық тыңайтқыштарды жүйесіз қолдану арқылы егістік жерлерде топырақтың құнарлығы төмендеп нәтижесінде топырақтың сорлануы, ластануы, тұздануы сияқты келеңсіз факторлар орын алған. Салдарынан дақылдардың өнімділігі мен сапасының төмендеуі өзекті мәселеге айналуда.
Аталған саладағы кемшіліктерге маңыз бере отырып Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Агро-кеңес беру орталығы» құрылды. Ондағы мақсат — әр дақылдың өсіру технологиялық ерекшеліктерін ескеріп, демонстрациялық алаңдар ашып тәжірибе ретінде шаруаларға ұсыну. Бұл пилоттық жобаның өндірістік бағыты иновациялық технология қолдану арқылы дақылдарды (жүгері, бақша, көкөніс, жеміс-жидек, жылыжай т.б) органикалық негізде өсіріп алынатын өнімді арттыру, химиялық тыңайтқыштардан бас тартып толық органикалық тәсілге көшу.
Ұсынылып отырған пилоттық жобалардың мақсаты — ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз кәсібін жетілдіріп, туындаған кедергілермен күресу, озық заманауи агротехнологияларды меңгеруіне және технологиялық карта негізінде берілген ұсыныстарды ауыл шаруашылығында тәжірибе ретінде пайдалану және алдын алу бойынша тиімді шешім қабылдауына толық көмек көрсету. Жобаға сәйкес, Ордабасы ауданы, Төрткүл елді мекеніндегі «Рамазан агро» ЖШС шаруашылық базасында мақта өсіру бойынша демонстрациялық алаң құрылып, 60 га алқапқа түркиялық «Эдесса», «Лима» элиталық мақта тұқымдары егіліп, өнім жиналды. Отырар ауданы, Талапты елді мекеніндегі «Марғұлан» шаруа қожалығының базасында жүгері өсіру бойынша 20 га алқапқа «Пионер» сорты егіліп, толық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Өсімдіктің өсіп жетілу фазаларының оңтайлы мерзімдерінде органикалық тыңайтқыш сумен берілді. Сонымен қатар, Сауран ауданы, Майдамтал елді мекенінде «ИС Жангир» ЖШС базасында 20 га қант құмайы «Сорго» дақылын мал азықтық мақсатта жоңышқа дақылымен үстеме егу бойынша демонстрациялық алаң ашылды. Суға тапшы Майдамтал өңірінің жағдайында бір маусымда 4 өнім алуға болады. Жоба аясында тәжірибе ретінде дақыл кеш егілгеніне қарамастан жоңышқа дақылының жетілуін жеделдетіп, бірінші орақтың өзінде алынған өнім көлемі артты.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында «Республикалық топырақ орталығы» ЖШС агрохимиялық зерттеу зертханасы ашылды. Негізгі мақсат оңтүстік өңірлерде ауыл шаруашылығын дамытуға, цифрлық егіншілікке, фермерлерге топырақ құнарлығы мен өнімділігін арттыруға мүмкіндік жасау. Айта кетсек, «Агро кеңес беру орталығы» бұл заманауи органикалық негізде өнім алуға, малдың тұқымдық құрамын жақсартуға, зиянкестермен күресуді үйрететін, шаруалардың агробіліктілігін күшейтетін орталық.
Десек те, ауыл шаруашылық саласының басқа да проблемалық мәселесі де алаңдатады. Атап айтқанда, ағымдағы жылы палатаға 62 өтініш келіп түссе, оның ішінде оң шешілген өтініштер саны – 44 өтінішті құрады. Нақтырақ айтсақ, «Яссы құс» ШҚ тарапынан өтініш келіп түскен болатын. Шаруа қожалық Өзбекстан мемлекетінен 1 тәуліктік 32 мың бас балапан (шөжек) импорттау барысында кеден бекетінде ветеринарлық талаптарға байланысты тежелу фактілері орын алған. Мәселені шешу үшін, агроөнеркәсіп кешені бөлімінің мамандары дер кезінде құзырлы органдар басшыларымен байланыс орнатып, мәселе оң шешімін тапты.
Соңғы жылдары қой шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапыннан қаржылық қолдау болмағандықтан ескерусіз қалған жағдайы бар. «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен осы саланың дамуына маңыз беріле арнайы жұмыс тобы құрылып, қой шаруашылығының даму концепциясы ұсынылып ҚР Премьер-Министрдің орынбасары А.Жұманғариннің тікелей қолдауымен жұмыстар атқарылуда.
Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешенін бес жылға дамыту тұжырымдамасы агроөнеркәсіптік кешенді дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығаруға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, ішкі азық-түлік нарығының тұрақтылығын нығайтуға және саланың экспорттық бағдарын күшейтуге мүмкіндік береді. Өткен жылға 37 даму көрсеткіші бекітілгені айтылған болатын. Атап айтқанда, егіс алаңын 860 мың гектарға дейін, бір алаңнан бірнеше өнім алу жөніндегі жобаға арналған жерді 9303 гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Қосымша 93 гектарға жылыжай салу жоспарлануда, су үнемдеу технологияларын енгізе отырып, алаң 39,2 мың гектарға, қарқынды бақтар — 665 гектарға, жүзімдіктер — 120 гектарға жеткізілсін. Өнімді сақтау көлемін қосымша 29,3 мың тоннаға ұлғайту және 1346 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарлануда. Жоспар бойынша жылына 40 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерін, 17 мың тонна ет ассортиментін, 37 мың тонна сүт өнімдерін өндейтін кәсіпорындар ашу көзделген.
Бұдан басқа, 1000-нан астам басқа арналған 13 бордақылау алаңы, 200 басқа арналған төрт сүт фермасы ашылады. Төрт ірі құс фермасы және 270 мың басқа отбасылық құс шаруашылығы ашылады. Биыл Түркістан облысында төрт тоқыма және тігін кәсіпорны іске қосылады, ал алтауы жүн мен былғары өндейтін болады. Нәтижесінде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 75,2 млрд теңге, тамақ өнеркәсібіне — 11 млрд жеке инвестиция түседі деп күтілуде, ал жалпы өнім көлемі 1 трлн 127 млрд теңгеге жетеді.